Елдің дамуы мен болашағына бей-жай қарамайтын ел ағасы сайлаудың маңызына тоқталып, таңдауын елдің ертеңі мен жас ұрпақтың болашағына бағытталған азаматтық ұстаным ретінде бағалайтынын жеткізді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Бүгін Құрылтай сайлауы күні Алматыдағы №624 сайлау учаскесінде ақын, ғалым, Қазақстанның құрметті жазушысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты Әділғазы Жақсылықұлы Қайырбеков дауыс берді.
«Құрылтай сайлауына келіп, жеті партияның біріне дауыс бердім. Бұл менің әділетті Қазақстан үшін, еліміздің болашағы үшін, ұрпағымыздың келешегі үшін жасаған таңдауым», – деді Әділғазы Қайырбеков.
Ел болашағы – бүгінгі таңдаудан басталады. Сондықтан әр азаматтың ел тағдырына жауапкершілікпен қарап, азаматтық ұстанымын білдіруі маңызды.