Ақылы жолдардың сапасына халық наразы

Ақылы жолдардың сапасына халық наразы Сурет: Tengrinews.kz

Бұл туралы Әлихан Смайылов мәлімдеді.


Халықтың ақылы жүйеге ауысып жатқан жолдардың жағдайына қатысты шағымы бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Үкіметтің телеграм каналына сілтеме жасап.


Премьер-Министр еліміздің жол көлік қатынасын дамыту үшін соңғы жылдары ауқымды жұмыс жүргізілгенін атап өтті.


2025 жылға дейін нормативтік талаптарға сәйкес республикалық маңызы бар жолдардың үлесін 100%-ға, жергілікті жолдардың осындай үлесін 95%-ға дейін жеткізу көзделген. Дегенмен Үкімет басшысы қабылданып жатқан шараларға қарамастан, бірқатар проблемалық мәселе бар екенін атап өтті.



«Мемлекет басшысы жолдардың нашар жағдайын бірнеше рет айтты. Әрбір әкім өңірдегі жолдардың жай-күйіне тікелей жауапты екенін атап өткім келеді», — деді Әлихан Смайылов.



Жауапты ведомстволарға тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:36

16:38

15:22

15:16

14:52

12:43

11:05

10:16

09:15

22:00

21:59

21:57

19:41

19:39

18:09

17:48

17:20

16:31

15:45

14:45

14:04

12:20

11:33

10:29

09:08