AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ақылы жолдар тарифі қымбаттайды ма?

Ақылы жолдар тарифі қымбаттайды ма?

Әлеумет 15.02.2024, 08:13 1,316
Ақылы жолдар тарифі қымбаттайды ма?
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Еліміздегі ақылы жолдардың тарифі көтеріледі. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.





«Иә, биыл негізгі транзиттік дәліздер аяқталады. Оның ұзындығы - 2 091 шақырым. Сондықтан да ең біріншіден, тағы 1 800 шақырым жаңа учаскеде ақы алу жүйесі енгізіледі. Екінші – тарифті арттыру жағына қарай қарау. Иә, сөзсіз қарастыратын боламыз. Неліктен екенін түсіндірейін. Себебі, 2013 жылдан бері тариф 11 жыл бойы өзгерген жоқ. Өткен жылы 20 пайызға қымбаттады. Біздің тарифті көрші елмен салыстырсаңыздар, Қазақстанда - 1 теңге 20 тиын болса, Ресейде - 7 теңге. Сіздер салық төлеушілердің емес, «ҚазАвтоЖолдың» бюджеті есебінен болғанын қалайсыздар ғой. Онда бір ғана жолы бар, ол – ақылы жолдар тарифін көтеру», - деді министр Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.




Дегенмен, ол ақылы жолдар тарифі күрт қымбаттамайтындығын баса айтты. 




«Сіздерге шегінің бірден еселенбейтіндігін айттым ғой. Жекелеген адамдар 2-3 есе көтерейік дейді. Мен бірден 2-3 есе болмайтындығын айттым. Дегенмен, пайызбен болады. Мамандарымыз жолды күтіп ұстау, қосымша 1 100 техника сатып алу үшін қанша қаражат керектігін есептейді. Әрине, мұның бәрін бірден ақы алуға қоспаймыз», - деді ол. 




Сонымен қатар министр ақылы жолдар тарифі қашаннан бастап көтерілуі мүмкін екендігін айтты. 




«Бұл мәселе заңға сәйкес 14 күн талқылауға шығарылатын НҚА порталына орналастырылады. Қоғаммен талқылаймыз. Талқылауды наурызда бастауды жоспарлап отырмыз», - деді Марат Қарабаев.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақылы жол #тариф #көлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай облысында үш теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

Бүгін 17:30

Димаш Құдайберген Қарағандыда шахтерлер күніне концерт берді

Бүгін 17:00

Ержан Байтілес «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры болып тағайындалды

Бүгін 17:00

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады

Бүгін 16:50

Президент Қауіпсіздік кеңесі алдында тұрған міндеттерді айқындады

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);