AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Ақтөбеде теракт кезінде қаза болған әскерилерді ес...

Ақтөбеде теракт кезінде қаза болған әскерилерді еске алуға арналған біріншілік басталды

Оқиға 17.06.2022, 03:20 1,435 Almaty-akshamy
Ақтөбеде теракт кезінде қаза болған әскерилерді еске алуға арналған біріншілік басталды
Cурет: Inform.kz

Жеңімпаздар Өскеменде өтетін ІІМ кубогіне қатысады 


Ақтөбедегі 66/55 әскери бөлімінде теракт кезінде қаза болған әскерилерді еске алуға арналған біріншілік басталды. Жеңімпаздар Өскеменде өтетін ІІМ кубогіне қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 
2016 жылдың 5 маусымы күні болған террористік акт кезінде Ұлттық ұланның 66/55 бөлімінде үш адам көз жұмды . Олардың екеуі әскери қызметкер болса, біреуі сарбаз. Бүгін еске алу шарасы болып, самбодан ел біріншілігі басталды. 



«Биыл бауырымыздың қаза болғанына 6 жыл болды. Әрине, орны ойсырап қалды. Әсіресе анасына қатты соқты. Еске алып, жарыс ұйымдастырып жатқан әскери бөлімшеге рахмет айтамын. Алдағы уақытта да ұмытпайды деп ойлаймын», - деді марқұм Берік Қалиевтің ағасы Жұмажан Қалиев. 



66/55 әскери бөлімінде жағдай мүлде өзгерді. Күзет бөлімінен бастап қауіпсіздік күшейтілген. 



«Ұлттық гвардия үнемі қырағы. Біз кез келген уақытта тойтарыс беріп, қарсы тұруға дайын отырамыз. Міндет осы. Қазіргі уақытта жеке құрам күзетте қарумен тұрады. Қарумен қызмет атқарады. Теракт оқиғасы кезінде қорқыныш болған жоқ. Шабуыл кезінде олар қару-жарақ алу мақсатын көздеді. Біз төтеп бере алдық», - деді 66/55 әскери бөлім командирі Мирас Тұралин. 



Еске алу кезінде сол күні жараланып, отадан соң аман қалған әскери қызметкер өткен күндерді еске алды. 



«66/55 әскери бөлімінде 2013 жылдан бері жұмыс істеймін. 2016 жылы 5 маусымда әскери бөлімге шабуыл жасалды. Сол кезде шабуылшыларға тойтарыс бердік. Арада 6 жыл өтсе де әлі бәрі көз алдымда. Мен кезекшілікте болған күні сағат 14:25 шамасында 66/55 әскери бөліміне шабуыл жасалды деген хабарлама радио арқылы берілді. Мен әскери бөлімнің автопарк аумағында кезекші болдым. Шабуылшылар келгенде қару алып, тойтарыс бердік. Менің өкпе тұсыма оқ тиіп жараландым, содан кейін есімді білмеймін. Екі күннен кейін реанимацияда ояндым. Үздік қызмет атқарғаным үшін медаль берді. Қазір енді әскери бөлімде жауынгерлік жаттығулар өткізіліп жатыр», - деді аға жүргізуші Еламан Жанділдаев. 



Айтып өтейік, самбодан ел біріншілігі биыл бесінші рет өткізіліп жатыр. Бұл іріктеу жарысы болып есептеледі. ҚР Ұлттық ұлан спорт командасының бастығы Сатжан Әбішевтің айтуынша, қазан айында Өскемен қаласында ІІМ Кубогы болады. Жеңімпаздар сол жарыста бақ сынайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ақтөбе #еске алу #біріншілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);