AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / АҚШ астанасында қазақ балабақшасы ашылды

АҚШ астанасында қазақ балабақшасы ашылды

Әлеумет 03.06.2024, 10:38 868 dulatbekova
АҚШ астанасында қазақ балабақшасы ашылды
Сурет: 24.kz

Балалар мерекесі қарсаңында Вашингтонда қазақ балабақшасы ашылды.

 Бұл – бүлдіршіндерді қазақ тілінде тәрбиелейтін осы аймақтағы жалғыз орталық. Балаларының тілі ана тілінде шыққанын қалайтын қазақ отбасылары көбейген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл балабақшада тәрбие түрлері төл мәдениетімізге негізделген. Бүлдіршіндерге халқымыздың салт-дәстүрі үйретіледі. Балалар халқымыздың өнерімен жақын танысып, ұлттық тағамдарымызды жасап, дәмін татып отырады. 20 жылдан бері Америкада тұрып жатқан 3 баланың анасы Мадина кенже қызын балабақшаға алғашқылардың бірі болып әкелген.

Мадина Көшербаева, ата-ана:

Өкінішке қарай, біздің 2 баламыз ағылшын балабақшаға барды. Ол кезде қазақы балабақша болмады. Енді ашылды. Енді баламыз ана тілін үйренеді, қазақтармен ойнайды. Қуаныштымыз.

Әсел Күзеухан шетелде туған балалары қазақ тілінде тәрбие алса деп армандаған. Бірақ ондай орталық таппаған соң игі істі өзі қолға алады. Сөйтіп қазақ балабақшасын ашып, бүлдіршіндерге ұлттық тәрбие беруге кіріседі. Қазір кішкентайларын осы тәрбие ордасына бергісі келетін ата-ана көп, – дейді ол.

Әсел Күзеухан, балабақша меңгерушісі:

Біздің мына тұрып жатқан жерімізді қарасаңыз, шағын Қазақстан деуге де болады. Соңғы уақытта Америкаға келіп өмір сүретін қазақтар өте көп. Біздің айналамыздың өзінде 30-40 отбасы тұрамыз. Солардың өзінің көбі балаларын қазақ балабақшасына бергісі келеді. 

АҚШ-та мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу орталықтарының ай сайынғы төлемі өте қымбат, шамамен 2000 доллар болады. Оның үстіне көбінде ыстық тамақ берілмейді. Ал қазақ балабақшасының құны едәуір арзан әрі ұлттық мәзірге негізделген үш мезгіл тамағы бар.  Әсел Күзеухан болашақта домбыра және би үйірмесін ашып, балабақшаны үлкен қазақы орталыққа айналдыруды көздеп отыр.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АҚШ астанасы #қазақ балабақшасы #шетелдік қазақтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Бүгін 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Бүгін 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Бүгін 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Бүгін 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Бүгін 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);