AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Ақсай шатқалындағы құрғақ шөп әлі өртеніп жатыр

Ақсай шатқалындағы құрғақ шөп әлі өртеніп жатыр

Оқиға 29.09.2021, 08:13 1,456
Ақсай шатқалындағы құрғақ шөп әлі өртеніп жатыр
Сурет: Inform.kz

Ақсай шатқалындағы өрт әлі өшкен жоқ


Алматы облысының Ақсай шатқалындағы өрт әлі толықтай өшірілген жоқ. Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жақын маңдағы елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.


«2021 жылғы 29 қыркүйекте сағат 08-00-дегі жағдай бойынша, Алматы облысы Қарасай ауданының Ақсай шатқалындағы «Іле-Алатау» МҰТП аумағындағы бір учаскеде аздаған бықсу және шымтезек төсенішінің түтіндеуі бар. Бұл аймақтың айналасында жерді қазу және жырту жұмыстары жүргізілді.


Өрт орнында Ақсай орман шаруашылығының, "Қазавиаорманқорғау" және Алматы облысының ТЖД күштері мен құралдары жұмыс атқаруда. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы су шашып жатыр. Бүгінгі күні түтінді жоюға 38 адам мен 8 бірлік техника жұмылдырылды.


Елді мекендерге қауіп жоқ. Ең жақын елді мекен – Қырғауылды ауылы 12 шақырым қашықтықта және "Радуга" бау-бақша қоғамы 8 шақырым қашықтықта орналасқан», - делінген хабарламада.


Естеріңізге сала кетейік, 26 қыркүйектен бастап Алматы облысы, Қарасай ауданы, Ақсай шатқалында, «Іле-Алатау» МҰТП аумағындағы жетуі қиын таулы жерлерде, биіктігі 2000 метр жерде орман төсеніші, жапырақтардың және құрғақ шөп өртеніп жатқанын жазған болатынбыз.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#өрт #шөп #шатқал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге артады

Бүгін 19:52

Сыр өңірінің балалары Алматы чемпионатында топ жарды

Бүгін 17:55

Референдум-2026: ТМД миссиясы дауыс берудің ашықтығы мен айқындығын растады

Бүгін 17:40

Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды

Бүгін 17:36

Қырғызстан ОСК төрағасы референдумның жоғары деңгейде өткенін дайындалғанын айтты

Бүгін 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика