Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ақпарат министрінің қазақстандық имамдармен кездес...

Ақпарат министрінің қазақстандық имамдармен кездесуі өтті

Әлеумет 01.02.2022, 05:28 1,262
Ақпарат министрінің қазақстандық имамдармен кездесуі өтті
Сурет: Ttwitter.com

Олар өзара іс-қимыл жасасу мәселелерін талқылады.


Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров діни басқарма өкілдерімен кездесіп, әңгімелесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының шақыруымен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аймақтық имамдарымен кездесті. Министрлік пен ҚМДБ-ның өзара іс-қимыл жасасу мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасу болды. Діни қызметкерлер министрге өзекті сауалдарын қойды және қоғамда радикалды діни идеологияның таралуына қарсы іс-қимыл мәселелері кеңінен талқыланды», - делінген министрліктің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Өз сөзінде Асқар Умаров Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы имамдарының жастарды рухани құндылықтар мен адамгершілікке тәрбиелеуде, сондай-ақ ел мұсылмандарын деструктивті сипаттағы түрлі көзқарастардың әсерінен қорғаудағы үлкен рөлін атап өтті.



«Қасіретті қаңтар» оқиғасы кезінде Бас муфтиден бастап, ҚМДБ-ның өңірдегі бас имамдары халықты сабыр мен тыныштыққа шақыру бойынша табанды еңбек еткендеріңіз үшін, сіздерге өзімнің шынайы алғысымды білдіремін. Бұл ел алдында баршамызға жүктелген жауапкершілігі жоғары іс-әрекет деп танимын», - деді министр.



Өз кезегінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл «Ислам – бейбітшілік пен ынтымақтастық діні» тақырыбы бойынша ақпараттық-ағартушылық жұмыстың жеті бағыты бойынша іс-қимыл бағдарламасын қабылдағанын айтты.


Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жаһандық трендтерге сәйкес ағартушылық қызметтегі өзара іс-қимылды арттыруға және ақпаратты таратудың тиімді әдістерін пайдалануға дайын екендіктерін білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мешіт #Қазақстан #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық суррогат ана қытайлықтардан сыйақысын ала алмай жүр

Бүгін 09:56

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеуінен айырылды

Бүгін 09:42

Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізіледі?

Бүгін 09:30

Алматыда қалың қарға байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Бүгін 09:19

Мүгедектігі бар 90 мыңнан астам қазақстандық республикалық референдумда қолайлы жағдайда дауыс бере алады

Кеше 19:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика