AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ақмола облысында киберполиция жалған iPhone ұтысын...

Ақмола облысында киберполиция жалған iPhone ұтысын ұйымдастырғандарды ұстады

Заң мен тəртіп 27.08.2026, 02:00 281
Ақмола облысында киберполиция жалған iPhone ұтысын ұйымдастырғандарды ұстады
Polisia.kz

Қаскөйдің сөзіне сенген азаматтар көрсетілген соманы оған берілген деректемелер арқылы аударған, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ақмола облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері азаматтарға жалған ұтыс ұйымдастырып, iPhone смартфонын алу сылтауымен алаяқтық жасаған күдіктіні анықтады.

Қазіргі уақытта екі жәбірленуші анықталды. Олар – Ақмола облысы Бурабай ауданының және Алматы облысының тұрғындары. Сонымен қатар киберполицейлер алданған азаматтардың саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Тергеу барысында Жетісу облысының 33 жастағы тұрғынының бұған дейін тауарларды сату және жеткізумен ресми айналысатын ЖШС-да жұмыс істегені анықталды. Жұмыстан шыққаннан кейін ер адам компанияның клиенттік базасын заңсыз иемденіп, сол арқылы аталған компаниядан бұрын тауар сатып алған азаматтармен байланысқа шыққан.

Күдікті азаматтарға олардың ұтыс ойынының жеңімпазы атанғанын және iPhone смартфонын ұтып алғанын айтқан. Алайда “жүлдені” жеткізу үшін 55 мың теңге көлемінде ақы төлеу қажет екенін хабарлаған. Жәбірленушілер бұған дейін осы компанияның қызметтерін пайдаланғандықтан, қоңыраулар мен ұтыс туралы ақпарат оларға күдік тудырмаған. Қаскөйдің сөзіне сенген азаматтар көрсетілген соманы оған берілген деректемелер арқылы аударған.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша тергеу жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ күдіктінің құқыққа қайшы әрекетінің ықтимал қосымша эпизодтары анықталуда.

Киберполицейлер азаматтарға күтпеген жерден хабарланған ұтыстарға сенбеуге кеңес береді. Әсіресе “жүлдені” алу үшін алдын ала ақша аударуды талап ететін жағдайларға сақ болған жөн.

Ақпараттың рас-өтірігін ұйымның ресми байланыс арналары арқылы өз бетінше тексеру қажет. Сондай-ақ бөгде адамдарға банк картасының деректерін, SMS-кодтарды және басқа да құпия ақпаратты бермеңіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақмола облысы #киберполиция #Алаяқтар #Заң мен тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Досхан Жолжақсыновты мерейтойымен құттықтады

Кеше 16:41

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов азаматтарды жеке қабылдады

Кеше 16:31

Қырғызстан қант импортына алты айға тыйым салынады

Кеше 16:12

Көші-қон порталы арқылы қалай өтінім беруге болады?

Кеше 15:06

3,4 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты

Кеше 14:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);