AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Париж-2024 / Ақмарал Науатбек - Паралимпия ойындарының алтын жү...

Ақмарал Науатбек - Паралимпия ойындарының алтын жүлдегері

Париж-2024 06.09.2024, 08:06 1,597 dulatbekova
Ақмарал Науатбек - Паралимпия ойындарының алтын жүлдегері
Сурет: Gov.kz

Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының жеңімпазы атанды.

 Финалда ол Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

«Ақмаралды Паралимпия ойындарының чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Отандасымыз финалға дейін барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, финалда жарыс қожайынын сан соқтырды. Пара дзюдодан Қазақстан тарихында әйелдер арасында тұңғыш әлем чемпионы атағын жеңіп алған Ақмарал енді міне, ел тарихында дәл осы спорт түрінен Паралимпиадада топ жарған алғашқы спортшы атанып отыр. Ол былтырғы пара Азия ойындарында да қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа таққан еді.

Отандасымыздың бұл жеңісі елімізде пара спортпен айналысатын жандарға үлгі-өнеге болды деп ойлаймын. Ел мерейін өсірген жеңістері үшін алғыс айтамын. Ақмаралға зор денсаулық, бақыт және спортта жаңа жетістіктер тілеймін!»
, - деді министр.

Айта кетейік, Ақмарал Париж татамиінің жартылай финалында түркиялық Джахиде Екені, ширек финалда үндістандық Кокиланы иппонмен жеңген еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақмарал Науатбек #паралимпия #алтын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Бүгін 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);