Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Ақжар» шағын ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашы...

«Ақжар» шағын ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды

Әлеумет 16.08.2023, 12:23 1,105
«Ақжар» шағын ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
Суреттерді түсірген - Д.Исаев

«Ақжар» шағын ауданының тұрғындары үшін «Халық қатысатын бюджет» аясында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды


Ерболат Досаев Наурызбай ауданындағы қоғамдық аймақтарды абаттандыруды тексерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Жұмыс сапары аясында Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының «Ақжар» шағын ауданында «Халық қатысатын бюджет – 2023» бағдарламасы аясында салынған жаңа қоғамдық кеңістікке барды. Құрылыс биыл 15 маусымда басталды. Қазір барлық жұмыс аяқталды. Осы жылдың күзінде 50 дана қылқан жапырақты және жапырақты екпелерді отырғызу жоспарланған. 


Қоғамдық кеңістікті абаттандыру нәтижесін тексеру барысында Ерболат Досаев жергілікті тұрғындармен әңгімелесті.


«Алматыда үлкен саябақ салу бос жердің болмауы қиындық туғызады, бірақ тұрғындардың жайлылығы үшін біз жергілікті деңгейдегі саябақтар мен скверлер салып жатырмыз. Осындай мысалдардың бірі – Наурызбай ауданындағы тұрғындардың демалысы үшін салынған жаңа қоғамдық кеңістік», - деді Ерболат Досаев.


Тұрғындар, өз кезегінде, ауданда өмір сүру сапасын одан әрі жақсарту бойынша өзекті мәселелерді шешкені үшін, атап айтқанда, «Ақжар» шағын ауданының халқын ауыз суға тұрақты қолжетімділікпен қамтамасыз еткені үшін алғыстарын білдірді.



Тұрғындардың сауалдарына жауап бере отырып, мегаполис әкімі «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының тиімділігін және қала тұрғындарының оң пікірін ескере отырып, бағдарламаны қаржыландыру көлемі артатынын хабарлады. Биыл Наурызбай ауданына қосымша 875 млн теңге бөлінді. Осылайша, ауданда 2,7 млрд теңгеден астам сомаға 67 жобаны іске асыру көзделген, оның ішінде қоғамдық кеңістіктер мен жаяу жүргіншілер аймақтарын абаттандыру, жол инфрақұрылымы, сыртқы жарықтандыру желісі мен арық салу, суарудың автоматтандырылған жүйесін орнату бойынша жобалар бар.


«Ақжар» шағын ауданындағы қоғамдық кеңістік бұрын қараусыз қалған, ауданы 0,2 га жерге салынған. Жергілікті тұрғындар әртүрлі тұрмыстық және құрылыс қалдықтары жиналған аумақты бірнеше рет тазартқан. 


«Аталған қоғамдық кеңістіктің ашылуы «Ақжар» шағын ауданының тұрғындары үшін маңызды оқиға болды: бұрын мұндай алаңдар мен саябақтар болған емес. Аумақ үш аймаққа бөлінген және балалар ойын аймағы, спорттық workout алаңы, сонымен қатар, қала тұрғындары үшін демалыс аймағы ұсынылған», - деді Наурызбай ауданының әкімі Нәзира Тоғызбаева. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Наурызбай #Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыр алыбы - Жамбыл туралы жеті дерек

Бүгін 20:37

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Михаил Шайдоровты Олимпиада ойындарындағы тарихи жетістігімен құттықтады

Бүгін 17:46

Тоқаев шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды

Бүгін 16:51

Қазақстанда сирек кездесетін ауруларға бөлінетін қаржы 23 есе артты

Бүгін 16:25

Бас прокуратура ескерту жасады: интернет-алаяқтар deepfake арқылы алдауға көшкен

Бүгін 15:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі