AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Ақан серінің 180 жылдығына арналған «Балқадиша» ә...

Ақан серінің 180 жылдығына арналған «Балқадиша» ән кеші өтеді

Мәдениет 13.10.2023, 07:05 1,794
Ақан серінің 180 жылдығына арналған  «Балқадиша» ән кеші өтеді
Сурет: Jambyl-philharmonic.kz

2023 жылдың  17 қазан күні, 19.00 -де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының қатысуымен Ақан серінің 180 жылдығына арналған  «Балқадиша» ән кеші өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚР Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы құрамына 1935 жылы кірді. Бүгінгі таңда капелланың репертуары өңделген халық әндерін, үлкен формаларды – сюиталарды, өлеңдерді, кантаталарды және ораторияларды қамтиды. Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының репертуарында шетелдік классиктер мен қазақстандық композиторлардың шығармаларын мықтап енгізді. Көркемдік-шығармашылық әлеуеті жоғары ұжымның мұндай бағдарламасы капеллаға Қазақстанда және шетелдік сахналарда өнер көрсетуге мүмкіндік берді. Ұжымның көркемдік жетекшісі және бас дирижері-ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов.


 Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы  - ақын, әнші, композитор. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. Көкшенің сұлу табиғатына көз тігіп, оны албырт сезімді, әсерлі музыка үніне бөлейді. Осы әншілік өнерде Ақан сері жалғыз болмайды. Айналасына әнші-күйші жастарды жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралайды. Ақын, әнші серілердің бәрімен достасады. Балуан шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иман Жүсіп, Құлтума сияқты атақты ақын-әншілер Ақан серінің ең жақын достары болған. Олардың бәрі Ақан серінің әншілік өнеріне игі әсер еткен, композиторлық талантын жетілдіріп, шеберлік, суреткерлік талғамын шыңдай түскен. Ол қазақтың ұлттық өнерін профессионалдық биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Ақан серінің елуге жуық муз.-поэтик. мұрасы енген. Ақан сері шығармалары поэтик. тұнықтығымен, образдар әлемінің тереңдігімен, поэтик. және муз. тілінің шырайлылығымен, айрықша талғампаздығымен, нақыштық тазалығымен ерекшеленеді. Шығармалары: Ақан серінің "Ақтоқты", "Алтыбасар", "Тер қатқан", "Мақпал", "Балқадиша", "Сырымбет", "Майда қоңыр", т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Ақан сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де. Ақынның сүйікті досына, қимас өмірлік серігіне айналған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған "Маңмаңгер", "Қараторғай", "Көкжендет", "Құлагер" әндерінде халық арасында кеңінен тараған.


Көркемдік жетекшісі және бас дирижері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов.


 Жеке орындаушылар: ҚР Еңбек сiңipген әртici Рамазан Стамғазиев, ҚР Еңбек сiңipген қайраткерi Айгүл Қосанова, Мәдениет саласының үздігіМақпал Қазыбекқызы, Халықаралық байқаулардың лауреаты Бipжан Бәзiлжан.


 




 


  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақан сері #Балқадиша #ән кеші
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Бүгін 17:29

Алаяқтықтың жаңа схемасы пайда болды

Бүгін 17:12

«Патриотизм және Отанға деген сүйіспеншілік – әрбір командирдің міндеті» атты III республикалық форум өтті

Бүгін 15:52

Тоқаев Абай облысының әкімін қабылдады

Бүгін 15:35

Алматылық психолог жасөспірімдерді жұмыс туралы хабарландырулар арқылы есірткі бизнесіне қалай тартатынын түсіндірді

Бүгін 14:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);