Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / "Аптап ыстық, найзағай, бұршақ"

"Аптап ыстық, найзағай, бұршақ"

Әлеумет 21.07.2024, 10:02 894
"Аптап ыстық, найзағай, бұршақ"
интернет

21 шілдеге арналған ауа райы болжамы.

"Қазгидромет" РМК жексенбіде Қазақстан өңірлерінде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның көптеген өңірінде атмосфералық қысымның төмендеуіне байланысты найзағай ойнап, аздап жаңбыр жауады және желдің екпіні 15-20 м/с дейін артады, ал шығыста, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында бұршақ жауады деп күтіледі.

"Күндіз сынап бағаны еліміздің солтүстігінде, шығысында: +20...+28°C, оңтүстігінде: +34...+39°C, еліміздің орталығында: +25...+33°C, оңтүстік-шығысында: +30...+38°C, ал батысында +33...+38°C көрсетеді деп болжануда+38°C", - делінген"Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Синоптиктер еліміздің басым аймағында дауыл ескерту жариялады:

21 шілдеде Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, дауыл тұрады деп күтіледі. Таулы аумақта оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өңірдің оңтүстігінде, шөлейтті аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың батысында өрт қаупі жоғары.

Қызылорда облысының оңтүстігінде және Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батысқа оңтүстік-шығыстан ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары. Сондай-ақ, Өскеменде найзағай ойнайды, күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады деп болжанады.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Семейде күн күркіреп, күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болмақ.

Түнде Атырау облысының батысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп болжанады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді. Күндіз аптап ыстық болады: +35...+38°C. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Атырауда 21 шілдеде түстен кейін қатты ыстық кезінде (+36°C) найзағай ойнайды деп күтіледі. 

Таңертең және түстен кейін Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігіндеел солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай жарқылдайды деп болжанады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде аптап ыстық болады: +36°C. Облыстың оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы жауын-шашынды болады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түсуі ықтимал. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп болжанады. Күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#найзағай #бұршақ #ауа райы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

СІМ орынбасары Түркі мәдениеті және мұрасы қорына сапармен келді

Бүгін 12:40

Алматыда Журналистер аллеясы пайда болды

Бүгін 11:13

Алматыда былтыр із-түзсіз жоғалған ер адам өлі табылды

Бүгін 10:38

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика