Қазгидромет мамандары Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, елдің оңтүстік облыстарында аптап ыстық салдарынан өрт қаупі жоғары болса, солтүстік өңірлерде жауын-шашын мен найзағай күтіледі.
Астана
7 маусымда таңертең және күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с.
Алматы облысы
Осы күні күндіз оңтүстік және таулы аймақтарда найзағай күтіледі. Жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың басым бөлігінде, әсіресе солтүстік және батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қонаев қаласында да дәл осындай жел күтіліп, өрт қаупі жоғары болады.
Жетісу облысы
7 маусымда күндіз таулы аймақтарда найзағай болады. Жел 15-20 м/с-қа жетеді. Аптап ыстық 35-39 градус аралығында болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары, ал солтүстік пен шығысында өте жоғары өрт қаупі болжанады.
Талдықорғанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысы
Батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және бұрқасын күтіледі. Жел 15-20 м/с. Облыстың көп бөлігінде найзағай болжанады. Бірқатар аймақтарда жоғары өрт қаупі бар.
Көкшетауда күндіз бұршақ жауып, найзағай ойнауы мүмкін.
Ақтөбе облысы
Түнде найзағай, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Жел екпіні 15-20 м/с. Оңтүстік-шығыс, оңтүстік және батыс бөліктерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбеде найзағай мен жел күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
Түнгі уақытта облыстың оңтүстігі мен шығысында найзағай болжанады. Жел 15-20 м/с. Кей жерлерде аса жоғары өрт қаупі бар.
Қызылорда облысы
Облыстың әр аймағында найзағай, бұршақ және шаңды дауыл күтіледі. Жел 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қаласында найзағай мен жел болады, шаңды дауыл соғады.
Атырау облысы
Кей жерлерде қатты жаңбыр мен бұршақ, түнде найзағай және жел болады. Облыстың түрлі бөліктерінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.
Атырауда найзағай және өте жоғары өрт қаупі болжанады.
Абай облысы
Оңтүстігінде күндіз 38 градусқа дейін ыстық. Облыстың басқа бөліктерінде жоғары, ал оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы
Күндіз 35 градусқа дейін ыстық. Батыс және оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Қостанай облысы
Күндіз оңтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай мен бұршақ болжанады. Жел 15-20 м/с. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі бар.
Қостанайда жел күшейіп, өрт қаупі жоғары болады.
Павлодар облысы
Бірқатар аудандарда найзағай ойнайды. Жел екпіні 15-20 м/с. Облыстың түрлі бөліктерінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодарда найзағай күтіліп, өрт қаупі жоғары болады.
Маңғыстау облысы
Батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр және найзағай күтіледі. Жел 15-20 м/с. Облыстың көп бөлігінде аса жоғары өрт қаупі бар.
Ақтауда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні – 15-18 м/с.
Ұлытау облысы
Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда найзағай мен бұршақ болуы мүмкін. Жел 15-20 м/с. Көп өңірде жоғары, ал оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі бар.
Жезқазғанда найзағай мен бұршақ күтіледі. Жел – 16 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы
Шығысында нөсер жауын. Батыс, оңтүстік және шығысында найзағай мен бұршақ. Таңертең тұман. Жел 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.
Петропавлда тұман, жел – 25 м/с.
Жамбыл облысы
Батыс, оңтүстік және таулы аймақтарда найзағай, жел болады. Көп бөлігінде жоғары, таулы және шығыс аудандарда өте жоғары өрт қаупі бар.
Таразда найзағай және өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысы
Оңтүстігі мен таулы өңірлерде найзағай, ал батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Жел 15-23 м/с. Облыстың бірнеше аймағында өте жоғары өрт қаупі бар.
Түркістанда шаңды дауыл мен күшті жел күтіледі.
Шымкентте түнде және таңертең найзағай және жел күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.