AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Аптадағы ең ұлық күн

Аптадағы ең ұлық күн

Мұны білген жөн 21.08.2026, 10:54 6
Аптадағы ең ұлық күн

Күн артынан күн ауысып, тіршілік өз арнасымен ағып жатады. Дүйсенбіден бастап жұмыс, қызмет, күйбең тіршілік адамды өз ағысына алып кетеді. Сол асығыс күндердің арасында жүрегі сезімтал жанды бір сәт тоқтатып, ойландыратын, жанына тыныштық сыйлайтын күн бар. Ол – жұма.

Қазақ жұманы ежелден қасиет тұтқан. Жұма күні үйде жеті шелпек пісіріліп, о дүниелік болған ата-бабалардың аруағына Құран бағышталған. Үлкендер бұл күні ұрыс-керіс шығармауды, біреудің көңілін қалдырмауды, қолдан келгенше жақсылық жасауды ескертетін. Өйткені жұма – тек демалыс алдындағы күн емес, жанды тазартып, Жаратушыны еске алатын, адамның өзіне-өзі есеп беретін ерекше уақыт.

Осы бір қасиетті күннің мәні неде? Неге ол басқа күндерден ерекше? Бұл сұрақтардың жауабын іздеу үшін балалық шағымызға, ауылдағы аналарымыз бен апаларымыздың қарапайым да терең сөздеріне оралғымыз келеді.

Былай ойлап қарасаң, су неге тоқтаусыз ағады, жел неге үздіксіз соғады, ауа неге таусылып қалмайды, жер қайтіп бүкіл тіршілікті көтеріп тұр, аспан неге түсіп кетпейді, адамнан қалай адам пайда болады?.. Осыны қызықтап сұрасақ, «тек!» деп шошып кететін ауылдағы апаларымыз баяғыда: «Ол – Құдайдың құдіреті!» деп, бір-ақ ауыз сөзбен қысқа қайыратын...

Қайран, сол қариялар дін жөніндегі шала сауатымен-ақ көкірегімізге көп нәрсені құйып кетті. Имандылықтың мәнісін жете түсінбей жатып-ақ, біз біреуді жазықсыз жәбірлемеу, кісінің сыртынан ғайбат сөз айтпау, ешкімнің ақысын жемеу, жан баласын жатсынбай, бауыр тұту, әлсізге болысу, мұқтажға жәрдемдесу деген асыл қағидаларды өмірлік ұстанымымызға айналдырдық. «Халал» сөзі тілдік қолданысқа енбей тұрып-ақ, адал ас іштік... Олардың тәрбиесі кітаптан емес, жүректен шыққан еді. Сондықтан да ол бойымызға сіңіп, ұрпақтан ұрпаққа жалғасты.

Осының өзі – жалпы, қазақ баласының тумысынан таза, текті болып келетіндігінің айғағы. Белгілі бір кезеңдердің ұлтымызды да, ұрпағымызды да ептеп адастырғаны рас. Кеңестік дәуірде мешіттер жабылып, діни білім шектелді, имандылық тек отбасы ішінде, жасырын сақталды. Бірақ дінге бетбұрыс тұрғысынан алғанда, соңғы уақытта жақсы өзгерістер байқалады. Жастар лек-легімен мешіттерге ағылуда. Тіпті өздері: «Бұрын бізді үлкендер: «бұзылып кетті, ішкілікке құмар» деп кінәлаушы еді. Қазір бізде – арақ ішу мода емес, намаз оқу, ораза ұстау – мода» деп әзілдейтін болыпты.

Қалай дегенмен де, Құранды төрге қастерлеп іліп қою немесе тыйым салынған нәрселерден тыйылу аз. Бүкіл жандүниеңмен бойұсынып, күнделікті ұстанған жағдайда ғана Дін – өмірлік діңгегіңе айналады.

Ең бастысы, жастар осыны түсінген. Бес уақыт намазды әдетке айналдырып үлгермегендерінің өзі жұма намаздан қалмауға тырысады. Мұның мәнісі – олардың өзіне сана-сезім, жүрек беріп, адамдық болмыс сыйлаған шексіз Құдірет иесін танып-білуге талпынуында жатыр. Шынымен де, ақыл-есі түзу, он екі мүшесі түгел адам өзін «соншалықты махаббатпен жаратқан» Алла Тағалаға иман келтірмеуінің, аптадағы жеті күннің ең болмағанда біреуін Жаратушыға құлшылыққа арнамауының жөні бар ма?

Құран Кәрімде тіпті жеке бір сүре «Жұма» деп аталады. Онда иман келтіргендерге жұма намазына шақырылғанда сауданы қоя тұрып, Алланы еске алуға асығу бұйырылады. Яғни дүниелік қамнан бір сәтке қол үзіп, жүректі Жаратушыға бұру – мұсылманның ең маңызды міндеттерінің бірі.

Діннің негізі – отбасы. Әрбір отбасында иман ұйығанда барып бүкіл елде береке-бірлік орнайды, жұрттың бір-біріне деген ниеті түзеліп, адамгершілігі, бауырмалдығы артады. Ата-ана намаз оқыған үйде бала да имандылықты көріп өседі, ал көргенді бала – елдің ертеңі. Хадиске жүгінсек, жұмада «харамнан басқа тілегіңнің бәрі орындалатын бір сағат бар». Дүние өртеніп кетсе де, жұмыстың бәрін жиып қойып, тілеу тілеудің, құлшылық етудің сыры да, бәлкім, сол «бір сағатты» күтуде жатқан шығар.

Осы орайда, «Адамға сенген мұрттай ұшады, Аллаға сенген құстай ұшады» деген қарапайым пәлсапамен-ақ, хақ Тәңірге иман келтірудің артықшылығын айтып кеткен дана халықтың ең ізгі дін – исламға жас-кәрі демей, жаппай бас қояр шағы туатынына сенгің келеді.

Бүгін – жұма. Қасиетті хадисте айтылғандай, «бұл – күн шыққан күндердің ішіндегі ең жақсысы. Жұма күні – Ораза айт пен Құрбан айттан да ұлығырақ. Өйткені осы күні Алла тағала Адамды (ғ.с) жаратты; Осы күні Адам ғ.с. жерге түсті; Осы күні Адам ғ.с. қайтыс болды; Қиямет жұма күні болады. Сондықтан періштелер, аспан, жер, жел, тау, теңіздер барлығы да Жұма күнінен қорқады...».

...Тек біз ғана қорықпауымыз мүмкін. Себебі пендеміз: көпшілігіміз көзіміздің алдындағыдан арғыны көрмейміз, құлағымыз шалып қалғаннан басқаны естімейміз. Жүрегіміз болса да, өліп қалған. Жаратушымыз: «Өзім жаратқан он сегіз мың ғаламда мен еш жерге сыймаймын. Тек иман келтірген пендемнің жүрегіне ғана тұрақтаймын» деген екен. Дінсіздіктің, жалпы, Құдайын танымаудың себебі де – «өлген» жүректің ештеңеге селт етпейтінінен болса керек.

Ендеше, жүректі тірілту – өз қолымызда. Ол үшін көп нәрсе қажет емес: таза ниет, адал еңбек, жақынға деген мейірім және Жаратушыны жиі еске алу. Апта бойы жиналған шаң-тозаңды жұма намазымен, шын жүректен шыққан дұғамен, мұқтажға берілген садақамен тазартып отырсақ, жүрек те бірте-бірте жұмсарып, нұрға бөленеді.

Жұма – бізге берілген мүмкіндік. Ол – өткенге есеп беріп, алдағыға ниет түзейтін, ренжіскенмен татуласып, ата-ананың көңілін табатын, ағайынның хал-жағдайын сұрайтын күн. Ауылдағы апаларымыз шелпек пісіріп, аруақтарға Құран бағыштағанда, бәлкім, осы бір тылсым сағатты күткен болар. Сол «бір сағат» әр жұмада бізді де күтіп тұр. Тек оны сезіне алатын, оған дайын жүрек болса болғаны.

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық музыканттарға Қытай нарығына жол ашылады: Алматыда халықаралық конференция өтеді

Бүгін 15:52

Қызылордада Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Бүгін 15:32

Алматының Жетісу ауданында өнеркәсіп өндірісі 8,5%-ға өсті

Бүгін 15:31

Берлинде Alatau City-ді дамыту бойынша 11 келісімге қол қойылды

Бүгін 15:30

Алматының Жетісу ауданында 1 520 оқушы орны ашылды

Бүгін 15:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);