AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Аңыз адам – жастармен жүздесті

Аңыз адам – жастармен жүздесті

Барлығы 10.09.2025, 21:05 762 Сұлу
Аңыз адам – жастармен жүздесті
С. Серікбайұлы

Алматыдағы Тұран университетінде КСРО халық артисі, ҚР Еңбек Ері, театр және киноның ұлы тұлғасы Асанәлі Әшімовпен тағылымды кездесу өтті.

Бұл басқосу қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімұлының «Актермын мен, мың өліп, мың тірілген» атты кітабының тұсаукесеріне арналды.
Жиынға Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов, Тұран университетінің ректоры, профессор Рахман Алшанов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ақұштап Бақтыгереева, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының бөлім басшысы Арман Қалыбеков, ҚР БҒМ ҒК М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов, «Alatau Aqparat» медиахолдингінің бас директоры Ержан Қалымбайұлы, саясаттанушы Әміржан Қосанов,  Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі, әдебиет зерттеуші ғалым, филология ғылымының кандидаты Мамай Ахетов, театр және кино актері Азамат Сатыбалды және зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен студенттер қатысты.

Кештің модераторы – журналистика саласының майталманы Қали Сәрсенбай болды.

Кездесу емен-жарқын сырласуға, естеліктер мен тағылымды әңгімеге, студенттердің көкейдегі сұрақтарына жауап беруге ұласты.

Ақын Ақұштап Бақтыгереева:
– Асанәлі ағамыз қазақтың біртуар дара тұлғасы. Бұл кісі небір тағдырлы кездерді бастан өткерді. Өзінің ақылы, қайраты, жігері арқасында бүгінгі биігіне жетіп, елдің абыз ақсақалына айналып отыр. Мұндай алып тұлғамен жүздесіп, тілдесу – зор бақыт. Жастар өнеге алып, үлгі ететін дара тұлға деп білемін, – деді.

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов те ағамыз туралы жүрекжарды естеліктерін бөлісті:

– Асанәлі Әшімов ағамыздың өнерін ел жақсы біледі. Халыққа «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры» атты тарихи-көркем фильмдерімен танылды. Қазақ КСР мен КСРО халық әртісі атағын алу оңай шаруа емес. Оның кітабында жазылған әңгімелердің кейбірін бұрын да естіп жүрдік. Бұл еңбегі – оқырманға үлгі һәм өнеге, – деді ол.

Кеш барысында Асанәлі Әшімұлы өзі де сөз сөйлеп, кітабының мән-маңызына тоқталды. Студенттердің сұрақтарына жауап беріп, үздік сұрақ қойған жастарға қолтаңбасын қойып, кітабын сыйға тартты.
Жиын соңында қазақ өнерінің абызы жастарға ақ батасын беріп, алғысын жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Асанәлі Әшімов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Кеше 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Кеше 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Кеше 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Кеше 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Кеше 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);