AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Әнші Гүлзира Бөкейхан өмірден өтті

Әнші Гүлзира Бөкейхан өмірден өтті

Өмір-өзен 20.01.2026, 10:23 681 dulatbekova
Әнші Гүлзира Бөкейхан өмірден өтті
Cурет: t.me/ulysmedia/

Қазақ елінің күміс көмей әншісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері дүниеден озды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz

Суыт хабарды Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығы жеткізді. 

Гүлзира Бөкейхан 1969 жылы Қытай Халық Республикасының Шынжаң өлкесінде дүниеге келген. 

Өнерге бала күнінен құштар болған ол кәсіби жолын ерте бастады. 1983 жылы Іле облыстық өнер колледжіне оқуға түсіп, 1986 жылы аталған білім ордасын тәмамдады. Алғашқы еңбек жолын Іле облыстық Қазақ ән-би театрында бастады.
Кейін білімін тереңдету мақсатында 1988–1993 жылдары Бейжің Ұлттық университетінің музыка факультетінде вокал мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды.

1999 жылы тарихи Отанына оралып, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аспирантурасына қабылданды. Мұнда ол КСРО халық әртісі Роза Жаманованың жетекшілігімен білім алып, 2001 жылы оқуын сәтті аяқтады. Осыдан кейін өнер иесі Астана қаласына жұмысқа шақырылды.

1999 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.

Астана мемлекеттік филармониясында және Президенттік мәдениет орталығында әнші болған. 

ЕРЕКШЕ ЕҢБЕГІ

Айта кетерлігі, Гүлзира Бөкейхан тарихи Отанына оралғаннан кейін Алтай–Тарбағатай өңірінде сақталған көне халық әндерін жаңғыртуға айрықша үлес қосты. Қазіргі таңда санаулы кәсіби мамандар ғана орындай алатын бұл сирек мұраларды заманауи өңдеуден өткізіп, Құрманғазы атындағы ұлттық аспаптар оркестрі мен Нұрғиса Тілендиев атындағы қазақ этнографиялық оркестрінің орындауында сахнаға шығарды.

Өнер иесі осы бағыттағы концерттік бағдарламалар арқылы ұлттық музыкалық қазынаны кең аудиторияға ұсынып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық арасында кеңінен насихаттады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Гүлзира Бөкейхан #қаза #Өмірден озды #әнші
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Домбыраға тіл тигізген ақтөбелік сотталды

Бүгін 18:27

Алматыда қайта өңделген пластиктен жасалған орындықтар аллеясы ашылды

Бүгін 18:16

Қуыршақ театры Халықаралық Шекспир фестивалінде алғаш рет қазақ тіліндегі спектакль ұсынды

Бүгін 17:04

Алматы Оқушылар сарайының жас өнерпаздары «Бозторғай» гала-концертінде өз өнерлерін паш етті

Бүгін 17:02

5 маусымда бүкіл әлемде Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өтіледі.

Бүгін 16:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);