AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / «Аңсаған сәби»: Қазақстанда 15 мыңға жуық бала дүн...

«Аңсаған сәби»: Қазақстанда 15 мыңға жуық бала дүниеге келді

Медицина Бүгін 12:04 42
«Аңсаған сәби»: Қазақстанда 15 мыңға жуық бала дүниеге келді
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Жыл сайын медициналық көмекке шамамен 20,5 мың ерлі-зайыпты жүгінеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында 15 мыңға жуық бала дүниеге келді. 2021 жылдан бері бағдарлама шеңберінде ЭКҰ-ның 37 мыңға жуық циклі жүргізіліп, жыл сайын бөлінетін квотаның саны 7 мыңға дейін ұлғайтылды.

Қазақстанда заманауи репродуктивтік технологиялардың қолжетімділігі кезең-кезеңімен кеңейтіліп келеді. Бүгінде отбасылардың шамамен 15%-ы бедеулік мәселесіне тап болады. Жыл сайын медициналық көмекке шамамен 20,5 мың ерлі-зайыпты жүгінеді.

«Аңсаған сәби» бағдарламасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2021 жылы іске қосылды. Бағдарлама қосалқы репродуктивтік технологияларға мұқтаж отбасыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдауды едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар репродуктивтік медицина желісі де дамып келеді. Егер 2004 жылы ЭКҰ-ны төрт клиника жүргізсе, 2025 жылы олардың саны 32-ге жетті. Осы кезеңде қосалқы репродуктивтік технологиялар циклдерінің саны сегіз еседен астам өсіп, жылына 18,6 мыңға жетті.

Пренаталдық диагностика бағытында да оң динамика байқалады. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында ультрадыбыстық зерттеу кезінде туа біткен даму кемістіктерін анықтау көрсеткіші 13,8%-ға артты. Ал туа біткен кемістіктермен және хромосомалық бұзылыстармен дүниеге келген балалардың саны 25,6%-ға төмендеді.

Алты айдың ішінде «Бір күндік клиника» шеңберінде шамамен 66 мың жүкті әйел алғашқы скринингтен өтті. Мұндай формат қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтауға және қажет болған жағдайда болашақ аналарды қосымша тексерулерге жіберуге мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау министрлігі репродуктивтік көмектің қолжетімділігін одан әрі кеңейтіп, ерте диагностиканы жетілдіру жұмыстарын жалғастырады. Бұл заманауи медициналық технологиялардың еліміздің барлық өңірлеріндегі отбасыларға қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үкіметте Президенттің цифрлық активтер индустриясын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралуда

Бүгін 12:28

Алматыда «Almaty Ustazy» қалалық байқауының финалы өтеді

Бүгін 12:22

Тыйым емес, талғам керек

Бүгін 12:06

Президент Ким Бок Хванды қабылдады

Бүгін 12:00

TazaMen Team еріктілері 27 тонна қоқыс жинады

Бүгін 11:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);