Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 4 500-ден аста...

«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 4 500-ден астам нәресте дүниеге келді

Медицина 30.07.2023, 11:25 1,211
«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 4 500-ден астам нәресте дүниеге келді
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстандағы бедеулік неке бүкіл әлемдегі сияқты, медициналық-әлеуметтік проблема болып қала береді, оның шешімі елдегі демографиялық ахуалды жақсартуға және балалы болу мүмкіндігінен айырылған пациенттердің өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ететін болады.


Қазақстанда бедеуліктен зардап шегетін пациенттердің міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде экстракорпоралдық ұрықтандыру арқылы медициналық көмек алу құқығы заңнамалық түрде бекітілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында Үкіметке 2021 жылдан бастап ЭКҰ-ға квоталарды 7 есеге арттыра отырып, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырды.


Президенттің тапсырмасын сапалы іске асыру мақсатында Министрлік еліміздің жетекші бейінді мамандары қатарынан жұмыс тобын құрды, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын бекітті, тиісті НҚА әзірледі.


Жалпы алғанда, фертилдік жастағы әйелдер мен ерлердің санын ескере отырып, өңірлер бөлінісінде ЭКҰ жүргізуге жыл сайын 7 000 квота бөлу жүргізіледі.


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘлМСҚ) медициналық ұйымдар бөлінісінде ЭКҰ қызметтерінің көлемін орналастырды. МӘМС шеңберінде мемлекеттік қызметті 19 клиника (оның ішінде 3 мемлекеттік, 16 жеке) ұсынады.


Сондай-ақ, Министрлік ай сайын орындалған бағдарламалардың тиімділігіне мониторинг жүргізеді.


«Аңсаған сәби» бағдарламасын іске асыру басталғаннан бері 2022-2023 жылдары ЭКҰ 19 000-нан астам әйелге жүргізілді, 7 000-нан астам әйел жүкті болды, 3 800 отбасында  4 500-ден астам нәресте дүниеге келді, 2 500 жүкті әйел бала тууды күтуде.


Ағымдағы жылы 2023 жылға өңірлер бөлінісінде барлық 7 000 квота бөлінді.


Сонымен қатар, «Аңсаған сәби» бағдарламасының іс-шаралары «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі тұжырымдаманың жобасында көзделгенін хабарлаймыз.


Мұның бәрі міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде  жүйесінде 2030 жылға дейін жыл сайын дайындалған ЭКҰ пациенттерінің барынша көп санын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Қазақстан қосалқы репродуктивті технологияларды қолдана отырып, бедеулікті емдеуде алдыңғы қатарда, елде гинекология, андрология, генетика, эмбриология, перинатологиядағы соңғы технологиялар қолданылады.


Алайда, бедеулік - бұл көбінесе алдын алуға болатын және осылайша қымбат емдеуге деген қажеттілікті төмендететін ауру болып табылады.


Сондықтан Министрліктің бірінші кезектегі міндеттері жасөспірімдер мен жастарға профилактика және жыныстық білім беру бағдарламасын жетілдіру болып табылады. Бұл жыныстық жолмен берілетін инфекцияның алдын алу және емдеу, қауіпті аборттардың алдын алу, контрацепциямен қамту және саламатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сәби #Аңсаған сәби #бағдарлама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика