AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Орталық саябағындағы аркаға тарихи-мәден...

Алматының Орталық саябағындағы аркаға тарихи-мәдени ескерткіш мәртебесі берілуі мүмкін

Алматы Бүгін 09:04 60
Алматының Орталық саябағындағы аркаға тарихи-мәдени ескерткіш мәртебесі берілуі мүмкін
Фото: Айгүл Ахметова

Өйткені саябақтың 170 жылға жуық тарихының артында мыңдаған алматылықтың жеке естелігі жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

1955 жылы салынған орталық саябақтың әйгілі аркасына тарихи-мәдени ескерткіш мәртебесі берілуі мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Қаланың ең танымал сәулет нысанының бірі саналатын арка ондаған жыл бойы саябақтың көркі болып, алматылықтардың есінде қалған ескерткіш. Жобаның авторы – белгілі қазақстандық сәулетші Адамбек Қапанов.

Қала тұрғындарының көбіне бұл арка жай ғана сәулет құрылысы емес, ол балалық шақтың, үй-ішімен серуендеп жүрген алаңсыз кезін еске салатын символ. Қаншама бала аттракцион мен әткеншекті алғаш осы жерде көрді.

Арка саябақ қарқынды дами бастаған кезде бой көтерді. 1950 жылдары саябақты ұйымдастырушылар оның аумағын түрлі аттракционы мен сол кезеңге сай инфрақұрылымы бар үлкен демалыс орнына айналдыруға ұмтылады. Тарихшылардың айтуынша, саябақ Кеңес Одағындағы ең үлкен әрі ойын-сауыққа барынша бай орынның біріне айналуы тиіс болыпты.

Өткен ондаған жыл ішінде арканың сәулеті өзгермеген. Соңғы рет ол 2000 жылы реставрациядан өтіпті. Соған қарамастан, Адамбек Қапановтың бастапқы жобасы айтарлықтай өзгеріске ұшырамай, өз қалпын сақтап қалды.

1856 жылы қазіргі Орталық саябақтың аумағы Қазыналық бақ деп аталған. 170 жылға жуық уақыт ішінде ол бірнеше рет өзгеріп, қала өміріндегі қаншама маңызды оқиғаға куә болды.

Саябақ тарихындағы ерекше кезеңнің бірі Ұлы Отан соғысымен байланысты. Василий Шупейкиннің айтуынша, 1941 жылдың қатал қысында саябақ эвакуацияланған отбасылар уақытша тұрақтайтын орынға айналыпты. Оның аумағында тұтас бір киіз үй қалашығы бой көтерген. Баспанасыз қалған адамдар сонда қыстап шығып, жан сақтап қалады.

1935 жылы саябаққа Максим Горькийдің есімі берілді. Оны алматылықтардың бірнеше буыны осы атаумен әлі күнге дейін еске алады. Уақыт өте келе саябақ отбасылық демалыстың сүйікті орнының біріне айналып, әр буынның өзіндік естеліктері қалыптасты.

Саябақтың ерекше атмосферасын сан алуан гүлзарлар, аллеялар мен аттракциондар толықтыратын. Бұрын мұнда гүлге оранған әсем көрініс көп болған. Үлкен сәндік гүл құмырасының жанында суретке түсу де танымал дәстүрдің бірі еді. Қала тұрғындарының отбасылық альбомында әлі күнге дейін осындай суреттер сақтаулы тұр.

Ұзақ тарихында Орталық саябақ бірнеше рет жаңартылды: аттракциондар өзгерді, аллеялар абаттанып, жаңа демалыс аймақтары пайда болды. Алайда оның қала тұрғындары үшін маңызы ешқашан өзгерген емес. Мұнда адамдар бала кезінде бір келіп, кейін есейген соң қайта оралып, балаларын, немерелерін ертіп әкелетін.

Арканың тарихи келбетін сақтау мәселесі Орталық саябақтың мәдени мұрасына деген қызығушылықты қайта жандандырып отыр. Оған тарихи-мәдени ескерткіш мәртебесін беру нысанның сәулеттік және тарихи құндылығын айқындауға мүмкіндік береді.

Өйткені саябақтың 170 жылға жуық тарихының артында тек даталар мен оқиғалар ғана емес, мыңдаған алматылықтың жеке естелігі жатыр. Ал жетпіс жылдан астам уақыт бойы келушілерді қарсы алып келе жатқан арка ұрпақтар сабақтастығының өзіндік символы болып қала бермек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Марал Төлепберген Жасөспірімдер олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Бүгін 09:31

Алматы ғалымдары Президент Жолдауының басым бағыттарын талқылады

Бүгін 08:57

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары «Балдаурен» балаларды оңалту орталығының ұжымына сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Бүгін 06:24

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Анталиядағы COP31 саммитіне қатысты

Кеше 23:30

Алматыда екі күнде айлық жауын-шашын мөлшерінің 76%-ы жауды

Кеше 21:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);