AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Анаға мың тағзым»

«Анаға мың тағзым»

Әлеумет 08.03.2023, 17:56 1,985
«Анаға мың тағзым»
Суретті түсірген - К.Қонысбаев

Алматыда Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда аналарға арналған митинг-концерт өтті.


Іс-шара Халықаралық әйелдер күніне орай өтті, оған 700-дей адам қатысты.  Митингті «Еріктілер лигасы» қоғамдық қоры мен «Қазақстан ата-аналар одағы» РҚБ ұйымдастырды.  Сахнада сөз алған белсенділер ата-аналар мен аға буынға құрмет көрсету, Отанға сүйіспеншілік, оқу мен салауатты өмір салты сияқты  аса маңызды тақырыптарды қозғады.


"Қазақстан ата-аналар одағының" тең құрылтайшысы Бағила Балтабаеваның айтуынша, саябаққа 700-ден астам азамат жиналған. Бұлар - ата-аналар, еріктілер, аға буын өкілдері.



Сахнадан қоғам белсенділері, танымал блогерлер ата-аналарға, балаларға, жастарға үндеу тастады. Салауатты өмір салты, оқу, ата-ананы құрметтеудің маңыздылығы туралы әңгімеледі. Мысал ретінде туған жерін қорғаған даланың ұлы әйелдерінің есімдері аталды, олардың арасында Томирис, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова бар. Жастардың үйлесімді дамуы үшін олардың өмір жолын зерделеудің, жас қазақстандықтарды Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеудің маңыздылығы атап өтілді.



Бағила Балтабаева атап өткендей, шара «Еріктілер лигасы» мен «Қазақстан ата-аналар одағының» бірлескен меморандумы аясында ұйымдастырылған жобалардың бір бөлігі болды. Бұлар - салауатты өмір салты, патриотизм, тарихты зерделеу, даланың халықтық әдет-ғұрыптары тақырыптарында семинарлар, тренингтер. Осындай тәрбиелік мәні бар жобалар барысында, әсіресе, ата-анаға құрмет, аға ұрпаққа құрмет көрсетудің маңыздылығы сөз болады.


Шара барысында танымал өнерпаздардың концерті өтті. Сондай-ақ, қолөнер бұйымдарының, дәстүрлі зергерлік бұйымдардың көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылып, ғасырдан ғасырға жетер, дала қожайындары дайындаған дәстүрлі бұйымдар ұсынылды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #алаң #әйелдер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);