AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ана - барлық жақсылық пен бақыттың бастауы

Ана - барлық жақсылық пен бақыттың бастауы

Әлеумет 11.05.2024, 14:10 1,034 dulatbekova
Ана - барлық жақсылық пен бақыттың бастауы
Сурет: Aptamedia.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде алғаш рет аналарға алғыс айту күні тойланады. Аталған мереке биыл 12 мамырға түсті.

Осыған орай  Павлодар облысында Жастар бастамаларын дамыту орталығында  «Анаға тағзым» форумы ұйымдастырылды. Оған өңірдің түкпір-түкпірінен аналар кеңесінің мүшелері, еріктілер қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

АЙЗАДА ҚҰРМАНОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Аналар күнін мерекелеу аналардың мәртебесін нығайтуға, маңыздылғын арттыруға ықпал етеді. Ерекшелігін жақсы түсінеміз. Мемлекет басшысы анасын ардақтаған асыл қасиет деп атап өткен.

8 наурыз халықаралық әйелдер күні бір бөлек мейрам. Ал, мамырдың екінші жексенбісінде атап өтілетін аналарға алғыс айту күні енді басқа деңгей мен дәрежеге жетеді деп сенеміз. Себебі, барлық жақсылық пен бақыттың бастауы анадан басталады.

БАҚЫТЖАМАЛ МАКСИЛОВА, «НҰР-АНА ӘЛЕМІ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ

Қазақстан халқы Ассамлеясының аналар кеңесі қоғамдық бірлік пен татулықты нығайтуға мектепке айналып, жұмыс атқаруда. Аналар кеңесі медиация саласында өзін көрсете білді.

Осы ретте, Ел анасы Бақытжамал Шаханқызы алдымен су тасқыны кезінде бірлесе жұмыс жасаған еріктілерге ерекше алғысын білдірді. Жастарға сенім артып, арнайы марапатын да ұсынды. Ал Зара Қабдешқызының құрметіне берілетін «Дара жол» төс белгісін Ұлттық еріктілер желісінің төрайымы Вера Кимға берді.

ВЕРА КИМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Расымен біз өз әйелдерімізбен, аналарымызбен мақтана аламыз. Себебі олар түрлі салада жетістікке жетіп, қуантып отыр. Бүгін өте керемет шара. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Қай замандарда болсын ана мен әйелдің рөлі қоғамда маңызды.

Одан бөлек, форум барысында ана мен балаға қолұшын беретін дағдарыс орталықтары, қорлар сөз алды.

САЛТАНАТ СЫПАТИЛОВА, «АНА ҮЙІ» ҚҚ ӨКІЛІ

Мен қордың жұмысы жайлы айтамын. «Ана үйі» қоғамдық қоры 10 жыл жұмыс жасайды. Осы уақыт ішінде біз 7000 баланың балалар үйіне түспей, анасымен қалуына көмектестік. Еліміз бойынша барлық облыстарда ана үйі бар. Біз аналар мен балаларға әлеуметтік, заңды, психологиялық түрде көмек береміз. Қазір Павлодардағы орталықта 9 ана мен 12 бала бар.

Одан бөлек, форум аясында ана мен балаларға көрсетілетін әлеуметтік көмек, жәрдемақылар туралы да айтылды. Естеріңізге салайық, 12 мамыр елімізде алғаш рет анаға алғыс айту күні атап өтіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аналар күні #мереке #12-мамыр #форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);