Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Аманжол Әлтай соңғы қоңырау күнін ауыстыруды талап...

Аманжол Әлтай соңғы қоңырау күнін ауыстыруды талап етті

Білім және ғылым 18.01.2023, 08:41 1,563
Аманжол Әлтай соңғы қоңырау күнін ауыстыруды талап етті
Сурет: Sabaqtar1.rssing.com

Бұл – ешқандай талқылауды қажет етпейтін әділетті талап.


Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болғандықтан, мектептердегі соңғы қоңырау күнін басқа күнге ауыстыруды талап етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Мәжілісменнің сауалына Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы 363 бұйрығына сәйкес, орта білім беретін мектептердегі соңғы қоңырау күнінің 31 мамыр болып бекітілуі себеп болған.


Аманжол Әлтай Қазақстанда 31 мамыр - Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленгенін еске салды.



«Алаш арыстарының мұратын жалғастырып, аманатын ұрпақ санасына сіңіруге тиісті министрліктің 31 мамыр күнінің маңызына мән бермегені қандай өкінішті! Арыстарымыздың рухына бір күнді де қимай, апыл-ғұпыл аза тұтқансып, іле-шала той тойлап, думандатып кете беретін болсақ, елдігіміз қайсы?! Сондықтан мектептердегі соңғы қоңырау күнін 30 мамырға, не болмаса 1 маусымға ауыстыру керек. Бұл – ешқандай талқылауды қажет етпейтін әділетті талап», - деді Әлтай Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдаған депутаттық сауалында.



Сондай-ақ депутат 31 мамыр күні адамдарды әлеуметтік желілердегі елдің бірлігіне, мәдениетіне нұқсан келтіретін теріс әдеттерден тыйылуға шақырды.



«31 мамыр – азаттық үшін арпалысып өткен, мемлекет құру жолында мерт болған, ұлт үшін атылған, ұрпақ бақыты үшін азап шеккен асыл бабалар алдындағы парызымызды пайымдайтын, алаш аманатына адал болуға құлшынатын күн. Үкімет осы күннің мән-маңызына лайықты шараларды іске асыруы тиіс», - деді депутат.



Осыған байланысты Аманжол Әлтай Үкіметке мынадай шаралар қабылдауды сұрады:


- «Жалпы халықтық үнсіз еске алу минуты» шарасын дәстүрлі түрде өткізуі керек. Сол сәтте ел аумағындағы бүкіл көлік қозғалысы тоқтатылып, бір минуттық үнсіздік арқылы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу қажет;


- мектептердегі соңғы қоңырау күні 31 мамырдан басқа күнге ауыстырылсын;


- телеарналарда әзіл-қалжың, шоу бағдарламалар, эстрадалық концерттер тоқтатылып, оның орнына ел тарихындағы қасіретті күндерді жас ұрпақтың түсінуіне жол ашатын мазмұнды бағдарламалар көрсетілуі тиіс;


- ақпараттық құралдарда атаулы күннің тарихи салмағын, тағылымдық мағынасын жан-жақты жеткізетін мақалалар жариялансын. Сол күні мейрамханаларда той өткізуге тыйым салынсын;


- 31 мамыр күні әр ата-ана отбасындағы тәлімді әңгімесін, ұстаз сабағын, дін өкілдері уағызын, министрліктер мен әкімдіктер, мемлекттік мекемелер жұмыс күнінің басын ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алумен бастағаны дұрыс;


- балабақшалар мен мектептерде, жоғарғы оқу орындарында балалар мен жастарға арнаулы дәрістер, пікірлесу сағаттарын, зиялы қауым өкілдерімен кездесу кештері өткізілсін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Соңғы #депутат #қоңырау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Көк тиын төлемеді". Танымал әнші Баянсұлудың хит әндерінің авторы шу шығарды

Бүгін 11:03

Руслан Құрбанов семсерлесуден әлем кубогында ел қоржынына медаль салды

Бүгін 10:40

15 елді мекенді су шаюы мүмкін

Бүгін 10:25

Еліміздің көші-қон заңнамасына қатысты 7 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Бүгін 10:19

Қаржы пирамидасын ұйымдастырған қазақстандық Грузиядан әкелінді

Бүгін 10:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика