Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / «Аманаттықтар» Алматы зообағының ұжымымен кездесті

«Аманаттықтар» Алматы зообағының ұжымымен кездесті

Сайлау-2023 07.03.2023, 08:51 1,259
«Аманаттықтар» Алматы зообағының ұжымымен кездесті
almaty-akshamy.kz

«AMANAT» партиясынан депутаттыққа кандидаттар Асқар Хикметов, Шолпан Жаманбалаева және Бауыржан Сералин Алматы зообағының ұжымымен кездесіп, жиылған қауымды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.



««AMANAT» партиясы басқа партияларға қарағанда жауапкершіліктен қорықпайды, өзінің нақты басқару тәжірибесі бар және жүзеге аспайтын популистік ұрандарды емес, нақты жоспарларды ұсынады», – дейді Алматы қалалық мәслихатына ұсынылған депутаттыққа үміткер Ш.Жаманбалаева.



Сондай-ақ кандидаттар партия түрлі салаға реформалар енгізіп, халқымыздың әлеуметтік жағдайын, құқығының қорғалуын, ел экономикасының өркендеуін мақсат ететін тың бастамалардың жүзеге асырылуына ықпал етіп келе жатқанын айтты. Депутаттыққа кандидат қоршаған ортаға қатысты өзекті мәселенің аз еместігін тілге тиек ете отырып, қауіпсіз қалалық орта аясында атқарылатын іс-шараларды тізбектеді. Соның ішінде мегаполистегі үйсіз жануарлардың санына мониторинг жүргізілетінін хабарлады.


Сонымен қатар жиында ағаштарды заңсыз кесуге, экологиялық құқық бұзушылықтарға, жануарларға қатыгездік көрсетуге партиялық бақылауды күшейтіп, экологиялық ақпараттың ашықтығы қамтамасыз етілетіні айтылды.



«Жоғарыда аталған шаралардың нәтижесінде 2027 жылдың соңына қарай барлық көздерден шығарындылар 105 мың тоннаға дейін қысқарады деп күтілуде. Бұл қала ауасының сапасын айтарлықтай жақсартады. ҚТҚ қайта өңдеу үлесі қазіргі 18%-дан 36%-ға дейін ұлғаяды, жасыл желектермен орташа қамтамасыз ету 13 м2 адамды қамтитын болады», – деді кандидат Шолпан Жаманбалаева.



Жиын барысында сайлаушылар өз саласы бойынша ғана емес, сайлау алдындағы бағдарламада көрсетілген білім мен ғылымға, еңбекақыға қатысты басымдықтарға назар аударды. Мәселен, еліміз бойынша, оның ішінде Алматы қаласындағы зообақтардың жетіспеушілігі, оны дамыту мәселесі қозғалды. Сондай-ақ, аталған ұйымдардағы қызметкерлер еңбекақысының аздығы сұрағы өткір болып тұр.


Мекеменің ұйымы беделді әрі белсенді. Олар алдағы сайлауға бір кісідей қатыспақ.


Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #сайлау #аманат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Кеше 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Кеше 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Кеше 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Кеше 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Кеше 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика