AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум - 2022 / AMANAT партиясының мәжілісмендері №16 қалалық емха...

AMANAT партиясының мәжілісмендері №16 қалалық емхана ұжымымен кездесті

Референдум - 2022 12.05.2022, 12:56 1,384
AMANAT партиясының мәжілісмендері №16 қалалық емхана ұжымымен кездесті
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Ел Конституциясына енгізілетін түзетулер түсіндірілді


Еліміздің Конституциясына енгізілетін түзетулер Алматының әлеуметтік-экономикалық жағдайын айтарлықтай жақсартады. Бұл туралы №16 қалалық емхана ұжымымен кездесу барысында AMANAT партиясының мәжілісмендері айтты. деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Емхана қызметкерлерінің Конституциялық реформаларға қатысты сұрақтарына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Құспан толық түсініктеме беріп, алдағы оқиғаның еліміздің болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.



«Әрине, бұл конституциялық реформалар үшін тағдыршешті сәт. Түзетулер енгізу билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастардың оңтайлы тепе-теңдігін қалыптастыруға және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге көмектеседі», - деп атап өтті А.Құспан.



Ал мәжілісмен Айдос Сарымның айтуынша, мәслихаттардың рөлі күшейтіліп, олардың жергілікті мәселелерді шешудегі жауапкершілігі артады.



Өз кезегінде, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова білім беру және денсаулық сақтау мекемелері өз ұйымдары ғимараттарының материалдық-техникалық базасы мен жалпы жағдайын жақсартуға байланысты жинақталған мәселелерді шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.



«Мәжілістің құзыреті кеңейіп, республикалық бюджеттің атқарылу сапасына парламенттік бақылау күшейіп келе жатқаны мені қуантады. Бұған дейін республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Жоғары аудиторлық палатаға айналатыны, оның төрағасы жылына екі рет Мәжіліс депутаттарының алдында есеп беретіні айтылған болатын. Қазір біз сол есептерді тыңдап, барлық сұрақтарды қоя алатын боламыз», - деп атап өтті депутат Ж.Сүлейменова.



Естеріңізге салсақ, AMANAT партиясының Алматы қалалық филиалының штабы құрылды, оның міндеттеріне алдағы референдумды қолжетімді және жедел түсіндіру кіреді. Штаб мегаполистің барлық аудандарында 200-ге жуық кездесу өткізуді жоспарлап отыр.


Ақпараттық материал «Республикалық референдум жөніндегі» ҚР Заңының  7 бабы 2 тармағы бойынша «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының тапсырысымен шықты, жауапты тұлға М. Б. Отыншиев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#партия #Мәжіліс #депутат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06

Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобасы тұрақты бақылауда – Энергетика министрлігі

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);