AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алыпсатарлықпен айналысты делінген Майғазиев пен Е...

Алыпсатарлықпен айналысты делінген Майғазиев пен Еспанов ұлдары министрлік назарына ілікті

Заң мен тəртіп 01.10.2025, 13:18 814 Дина
Алыпсатарлықпен айналысты делінген Майғазиев пен Еспанов ұлдары министрлік назарына ілікті
Коллаж: aqshamnews.kz

ІІМ  "Қайрат" - "Реал" матчіндегі алыпсатарлар дауына қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz. тілшісі Tengri Life-қа сілтеп.

Алматыда 30 қыркүйекте өткен футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының "Қайрат" пен мадридтік "Реал" арасындағы ойынынан кейін әлеуметтік желілерде қызу талқылау өрбіді. Желі қолданушылары танымал қазақстандық әншілер Нұрлан Еспанов пен Сәкен Майғазиевтің ұлдарын билет спекуляциясына қатысы бар деп айыптады.

Желіде тараған хабарламаларға сәйкес, Нұрлан Еспановтың ұлы матч билеттерін 500-600 мың теңгеден сатқан-мыс. Кейін Сәкен Майғазиевтің ұлы да осындай хабарландыру жариялап, билеттерді 350 мың теңгеден ұсынғаны жайлы ақпарат шықты.

Бұл жайт қоғамда резонанс тудырып, билеттердің қолжетімділігі мен адал сатылымына қатысты сұрақтар көбейді.

ІІМ: тексеру үшін ресми шағым қажет

Мәжіліс кулуарында журналистер ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтан осы мәселеге байланысты түсініктеме сұрады.

"Мен бұл ақпаратты сіздерден естіп тұрмын. Егер ресми өтініш түссе, біз міндетті түрде тексеру жүргіземіз. Қажетті процессуалдық шешім қабылданады", - деді Әділов.

Ол сонымен бірге әлеуметтік желілердегі шағымдарды көрмегенін, бірақ азаматтардан ресми түрде өтініш түскен жағдайда құқық қорғау органдары "міндетті түрде тексеру шараларын жүргізуге дайын" екенін айтты.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сәкен Майғазиев #Нұрлан Еспанов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Кеше 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Кеше 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Кеше 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Кеше 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Кеше 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);