Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Алтын қор» онлайн түрде қолжетімді

«Алтын қор» онлайн түрде қолжетімді

Мәдениет 15.12.2021, 11:58 1,686
«Алтын қор» онлайн түрде қолжетімді
almaty-akshamy.kz

Отандық телерадио мұраны цифрландыру. Арнайы "Алтын қор" медиапорталы іске қосылды


Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің  қолдауымен «Қазақстан» телерадиокорпорациясының мәдени мұраны  цифрландыру бағытындағы бірегей жобасы altynqor.com  медиапорталы іске қосылды.


Сайтта Қазақ телевизиясы алтын қорындағы 1930 жылдардан бергі бейне- және аудиоматериалдар, сондай-ақ Тәуелсіздіктің  жолындағы айтулы тарихи оқиғалар топтастырылған.


Сайт қарапайым көрерменнен бөлек, зерттеуші ғалымдар үшін ашық дереккөз ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.


Медиапортал «Бейнеқор», «Аудиоқор», «Тұлғалар» және  «Фотоархив» бөлімдерінен тұрады. Әр бөлімде телевизия және радио ардагерлерінің, қазақ әдебиеті мен мәдениеті қайраткерлерінің сұхбаттары, естеліктері, жеке архиві топтастырылды.


Елбасы Н.А.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бастамасын жүзеге асыру мақсатында сайтқа батырлар жырының 50 нұсқасы, 100 күй, 100 ертегі нұсқасы, «Сыңсу», "Бесік жыры", «Жар-жар», «Беташар», «Жарапазан», Жоқтау» жинақталды.


«Бейнеқор» бөлімінде С.Әшімбаев, Ш.Мұртаза, С.Оразалин жүргізген «Парыз бен қарыз», «Ұлт және сана», «Сұхбат» бағдарламаларымен қатар, әр жылдардағы «Тамаша», «Халық қазынасы», «Асыл мұра», «Адам іздеп жүрмін», «Келесі аялдама», «Кеш жарық», «Күлтөбе» сынды 800-ден астам бөлімнен тұратын 50 телехабарлар циклы,  «Советтік Қазақстан» киножурналы мен «Қазақтелефильм» өндірістік бірлестігінің жобалары бар.


«Тұлғалар» бөлімінде К.Әзірбаев, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, Ш.Жиенқұлова, К. Байсейітова, Ш.Айманов, Ш.Айтматов, Қ.Мырза Әлі сынды тұлғалардың қатысуымен әр жылдары түсірілген бейнетоптамалар қамтылды.


«Аудиоқор» бөліміне 1954 жылдан бергі сақталған М.Әуезов, С.Мұқанов, І.Есенберлин, Б.Соқпақбаев, Ғ.Мүсірепов сынды 100 ұлт қайраткерінің әр жылдары жазылып алынған дауыстары бар.


Бүгінде «Алтын қорда» 110 мыңнан астам бейне- және аудиоматериал болса, оның қатары жыл сайын 1000 материалмен толықтырылып отырады. Сондықтан сайтты толтыру  ісі де тұрақты түрде жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Тәуелсіздік #алтынқор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Биыл қанша адам әскерге барады?

Бүгін 09:44

Қырғызстан валютасын өз елінде шығара бастады

Бүгін 09:21

Алматы әкімі Үлкен Алматы каналын қайта жаңғырту жұмыстарын тексерді

Бүгін 08:57

Елдің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз

Бүгін 08:41

Қазақстандық блогер Ильяр Ювашевке іздеу жарияланды

Кеше 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика