AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / «Алтын Орда және оның мұрагерлерінің арабжазулы эп...

«Алтын Орда және оның мұрагерлерінің арабжазулы эпиграфикасы»

Не? Қайда? Қашан? 29.08.2024, 15:26 1,959 Bakyt
«Алтын Орда және оның мұрагерлерінің арабжазулы эпиграфикасы»
Сурет ЖИ көмегімен салынды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (OIC) жанындағы Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы (IRCICA) және Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бірлесіп, 2024 жылғы 18 қыркүйекте «Алтын Орда және оның мұрагерлерінің арабжазулы эпиграфикасы» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өткізеді.

Бұл маңызды іс-шара «Алтын Ордадан кейінгі қоғамның дәстүрі мен мәдениетіндегі сабақтастық пен өзгерістер (Батыс Қазақстан, Еділ-Орал, Дағыстан, Хорезм аймақтарындағы эпиграфикалық ескерткіштерді салыстырмалы зерттеу)» жобасын жүзеге асырудың негізгі бір бөлігі болып табылады.

Семинар барысында талқыланатын тақырыптар:

  1. Алтын Орда өркениеті орналасқан тарихи аймақтардың эпиграфикасы: жаңа олжалар және олардың интерпретациясы;
  2. Қазақстанның эпиграфикалық ескерткіштерін көршілес мемлекеттердегі арабжазулы жәдігерлермен салғастырмалы-салыстырмалы зерттеу;
  3. Алтын Орда өркениеті тарихи аймақтарының дамуы және мәдени дәстүрлердің тұрақты түрлерінің қалыптасуы.

Семинар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

Семинар барысында таныстырылатын кітаптар:

  1. Мүминов Ә.Қ., Дүйсенов Б.Д. «Абат-Байтақ» қорымының арабжазулы эпиграфикалық ескерткіштері» – Кітап-альбом. Алматы: Алтын парақ, 2023. – 496 б. + «Абат-Байтақ» қорымы фильмінің дискісі.
  2. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. «Рисала-йи жанайиз (Жаназа кітабы)» – Алматы: Алтын парақ, 2024. – 260 бет.

Қатысу үшін өтініштер:

Қатысуға ниетті ғалымдарды 2024 жылдың 31 тамызына дейін баяндамалары мен өтініш-хаттарын келесі электрондық мекенжайларға жіберулеріңізді сұраймыз:
kz.orientalstudies.2024@gmail.com
shighistanu@mail.ru

Өтінім нысаны:

  1. Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты.
  2. Қатысушының жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі мен атағы.
  3. Байланыс телефондары, e-mail адресі.
  4. Баяндаманың атауы.

Ұйымдастыру комитетінің байланыстары:

Мекенжай: 050010, Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 29, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты.
Анықтама телефондары:
+7 707 157-95-71 – Медерова Дина Есиркеповна
+7 701 697-96-90 – Курманбаева Куралай Смагуловна

Мақала ресімдеу талаптары:

  1. Мақала атауы мен автор туралы мәліметтер мақала жазылған тілде және ағылшын тілінде беріледі.
  2. Мақала атауы және түйіні ағылшын тілінде шамамен 200 сөзбен берілуі керек.
  3. Әдебиеттер мен дереккөздер тізімі нөмірленіп, мақаланың соңында көрсетіледі. Мәтіндегі сілтемелер тік жақшада беріледі [1: 245].
Телеграм арнаға жазылыңыз
#алтын орда #Дәстүр #мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Бүгін 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Бүгін 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Бүгін 16:48

Мемлекет басшысы: «Халқымызда «Батыр елі үшін туады» деген сөз бар, елге қорған болу – ең абыройлы қызмет»

Бүгін 16:12

Президент: «Қазақстан – өткенге зор құрметпен, болашаққа үлкен үмітпен қарайтын бейбіт ел»

Бүгін 16:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);