AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алтын медаль иегерлеріне – 8 мың доллар беріледі

Алтын медаль иегерлеріне – 8 мың доллар беріледі

Спорт 07.11.2024, 06:56 1,617 Bakyt
Алтын медаль иегерлеріне – 8 мың доллар беріледі
olympic.kz

Қазақстан құрамасы Черногорияның Будва қаласында өткен бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында тарихи жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Будвада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар 6 алтын медаль иеленіп, бұрынғы рекордтарды жаңартты. Бұған дейін Қазақстан құрама командасы ең көп дегенде 2 алтын медальға ие болған еді: 2018 жылы Венгрияда және 2021 жылы Германияда өткен жарыстарда еліміз 2 алтынмен оралған болатын. Ал осы чемпионатта Қазақстанның әнұраны 6 рет шырқалды. Ақтық сынның алғашқы күнінде 67 келідегі құрама капитаны Төрехан Сабырхан, 75 келі салмақта Санжарәлі Бегалиев және 81 келіде Аружан Зейноллаева алтын медаль еншілесе, екінші финал күні 51 келідегі Боранбек Бексұлтан, 71 келідегі Өнер Сейілхан және 50 келідегі Елянұр Тұрғанова чемпион атанды.

Жалпы есепте 17 медальмен бірінші орынды иеленген Қазақстан құрамасының қоржынында 6 алтын, 1 күміс және 10 қола медаль бар. Екінші орынға Өзбекстан құрамасы жайғасса, үздік үштікті Ресей боксшылары түйіндеп тұр.

Сонымен қатар, Халықаралық бокс қауымдастығы жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйақы тағайындады: алтын медаль иегерлеріне – 8 мың доллар, күміс медаль иегерлеріне – 4 мың доллар, қола медаль иегерлеріне 2 мың доллардан табыстады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #бокс #жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алаяқтардың басты қаруы – адамның сенімі»: интернеттегі қауіптен қалай қорғанамыз?

Кеше 17:19

10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары

Кеше 17:10

Алматыда Масанчи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 16:14

Интернеттегі алаяқтық: бір сілтеме бүкіл ақшаңыздан айыруы мүмкін

Кеше 15:18

«Таза Қазақстан» түркі әлемінің жастарын біріктіреді: Алматыда халықаралық кемпингтің екінші күні өтті

Кеше 14:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);