AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Жетісу ауданында жаңа демалыс орындары а...

Алматының Жетісу ауданында жаңа демалыс орындары ашылды

Алматы Бүгін 15:15 10
Алматының Жетісу ауданында жаңа демалыс орындары ашылды
Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматының Жетісу ауданында қоғамдық кеңістіктер, аулалар мен өзен жағалауы жаңартылып жатыр. Мұнда «Жетісу» саябағы мен Қазыбаев көшесін абаттандыру жұмысы аяқталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ал қараша айының соңына дейін «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясындағы 25 жобаның тағы жетеуін, сондай-ақ Қарасу өзенінің жағалауын абаттандырып бітпекші. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Құрасбек Сәдібеков жүргізіліп қолға алынған осы шаруалар туралы баяндады.

Серуен аймағы мен көгалдандыру

Қазыбаев көшесінде ұзындығы бір шақырымнан асатын, жалпы аумағы 2,3 гектар болатын учаске абаттанды. Мұнда серуен аймағы мен автоматты суару жүйесі жасалып, 21 мыңнан астам бұта мен 60-тан астам ағаш егілді.

Аумағы 3,6 гектарды құрайтын «Жетісу» саябағында жаяу жүргіншілер жолы, көгалдандыру мен жарықтандыру жүйесі жаңартылып, автоматты суару жүйесі орнатылды. Палладин көшесінде жаяу жүргіншілер аумағын да жаңартып, абаттандырып жатыр.

«Қазыбаев көшесінде серуендеуге қолайлы кеңістік құрып, сонымен қатар аумақты көгалдандыруға мүмкіндік туды. “Жетісу” саябағында жолдар мен жарықтандыру жүйесі жаңартылды, ал автоматты суару жүйесі жасыл желекті күтіп-баптауға көмектеседі. Қазір осындай кешенді жұмыс Палладин көшесінде де жүргізіліп жатыр», – дейді Құрасбек Сәдібеков.

Жобалардың жүзеге асырылуы

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 25 жоба жүзеге асады. Оның 18-і аяқталған, қалған жетеуін қараша айының соңында аяқтамақ.

Бұрынғы «Рахат» базарының орнында демеушілердің қаражаты есебінен жаңа алаңқай салына бастады. Сондай-ақ Кемел шағын ауданындағы Қарасу өзенінің жағалауын абаттандыру жұмысы аяқталып қалды. Оның ұзындығы бір шақырымнан асады.

Ағымдағы жөндеу жұмысы жеті аула аумағын қамтыды. Оның төртеуіндегі жұмыс бітті. Ратушный көшесінде балалар алаңдары, демалыс аймақтары мен көгалдандыру жүйесі жаңартылып, автоматты суару жүйесі орнатылды. Рысқұлов даңғылында балалар алаңы мен футбол алаңы абаттандырылды.

Көкжиек шағын ауданында тағы үш аула абаттанып жатыр. Мұнда үш балалар алаңы, екі футбол алаңы мен бір спорт алаңы жаңартылады.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тұрғындар өз аудандарында қандай қоғамдық кеңістіктер мен алаңдарды жаңарту қажеттігін өздері ұсынады. Қазір қалған жобаларды уақытында аяқтап, осы аумақтарды күнделікті пайдаланатын тұрғындардың қажеттіліктерін ескеру маңызды. Көкжиек шағын ауданындағы аулаларда балалар алаңдары, футбол алаңдары мен спорт аймағы қарастырылған», – деп атап өтті аудан әкімі.

Экологиялық акциялар мен сенбіліктер

Сонымен қатар ауданда сенбілік пен экологиялық акция ұйымдастырылып жатыр. Жыл басынан бері осындай 46-дан астам іс-шара өтіп, оған 28 мыңнан астам адам қатысқан. Осы уақыт аралығында 7,5 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды.

«Абаттандыру жұмысы саябақ ашылғаннан немесе аула жаңартылғаннан кейін аяқталмайды. Тазалықты сақтау, алаңдар мен жасыл желектің жағдайын бақылау қажет. Биыл сенбіліктер мен экологиялық акцияларға мыңдаған тұрғын қатысты. Олардың белсенділігі аудандағы тазалық пен тәртіпті сақтауға көмектеседі», – деп түйіндеді Құрасбек Сәдібеков.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық ғалымдар Гарвард кітапханасынан тарихи көне құжаттарды зерттеді

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #демалыс #аудан #әкім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Жетісу ауданында 40 көше жөнделеді

Бүгін 15:26

«QAZ TALKS» АЛАҢЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін 15:23

Депозиттерге салық салынады деген ақпарат – жалған

Бүгін 15:20

ҚазҰУ-да биотехнологияның болашағы мен даму перспективалары талқыланды

Бүгін 15:17

«Қазақтың Қыз Жібегі»: Алматыда Меруерт Өтекешованың 75 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті

Бүгін 15:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);