конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Жетісу ауданында жаңа «демалыс күнгі жәр...

Алматының Жетісу ауданында жаңа «демалыс күнгі жәрмеңке» ашылады

Әлеумет 15.05.2026, 17:37 291 yakiya
Алматының Жетісу ауданында жаңа «демалыс күнгі жәрмеңке» ашылады
Алматы әкімдігі

Алматының Жетісу ауданында жаңа «демалыс күнгі жәрмеңке» ашылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда «демалыс күндері жәрмеңкелерінің» саны артып келеді. 16 мамырдан бастап Жетісу ауданындағы Құлагер шағынауданында жаңа сауда алаңы жұмысын бастайды. Бұл туралы «Алматы» ӘКК» АҚ-ның өкілдері хабарлады.

Жаңа жәрмеңке тұрғындарды қолжетімді азық-түлікпен, әсіресе әлеуметтік маңызы бар өнімдермен қамтамасыз етуге және қаладағы сауда алаңдарының желісін кеңейтуге бағытталған.

Жәрмеңкеге Алматы қаласы мен Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Қарасай және Жамбыл аудандарынан ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер қатысады. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері де өнімін ұсынады. Сатылымға 1000-нан астам түрлі тауар шығарылады.

2026 жылдың басынан бері демалыс күнгі жәрмеңкелерде шамамен 8,5 мың тонна азық-түлік өнімі саудаланған. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары да бар.

Қазіргі таңда «Алматы» ӘКК» Бостандық ауданындағы (Қазақфильм шағынауданы) және Әуезов ауданындағы (Өтеген батыр көшесі - Абай даңғылы) жәрмеңкелерді кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары қолға алынған. Жоба сауда орындарының жайлылығын арттыруға, инфрақұрылымды жаңартуға және санитарлық талаптарға сәйкестендіруге бағытталған.

«Алматы» ӘКК» мәліметінше, алдағы уақытта жәрмеңкелерді кезең-кезеңімен қаланың барлық сегіз ауданына іске қосу жоспарланып отыр.

«Демалыс күнгі жәрмеңке» әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:

— Бостандық ауданы — Қазақфильм шағынауданы;

— Әуезов ауданы — Рысқұлбеков көшесі, 33/2;

— Медеу ауданы — Мендіқұлов және Бектұров көшелерінің қиылысы;

— Алмалы ауданы — Масанчи көшесі, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығы;

— Жетісу ауданы — Құлагер шағынауданы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жәрмеңке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қуыршақ театры Қазанда өткен халықаралық фестивальдің бас жүлдесін жеңіп алды

Бүгін 11:15

Испания әлем чемпионы атанды

Бүгін 10:42

Елжас Отыншиев ҚТЖ басшысы болып тағайындалды

Бүгін 10:21

Алматыда 850 шақырымнан астам тау туристік бағыты көркейтілді

Бүгін 09:55

Қазгидромет Алматының тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);