AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының Түрксіб ауданындағы жаңа бизнес бастамал...

Алматының Түрксіб ауданындағы жаңа бизнес бастамалар: 20 грант иегері кәсіп бастады

Барлығы 14.12.2025, 09:48 367
Алматының Түрксіб ауданындағы жаңа бизнес бастамалар: 20 грант иегері кәсіп бастады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Түрксіб ауданында шағын бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары сәтті жүзеге асырылып келеді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

 Соның ішінде негізгі құралдардың бірі кәсіпті енді бастаған кәсіпкерлерге арналған 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз грант. Бұл грант қажетті жабдықтарды сатып алуға, жұмыс орындарын ашуға және жаңа қызмет түрлерін іске қосуға мүмкіндік береді. Осылайша, тұрғындардың кәсіпкерлік белсенділігі мен табысы артады.

2025 жылы Түрксіб ауданындағы Отбасыны қолдау орталығы базасында түрлі білім беру курстарын 218 адам аяқтап, қажетті білім мен кәсіпкерлік дағдыны меңгерді. 20 қатысушы 400 АЕК (1 572 800 теңге) көлемінде мемлекеттік грант иегері атанып, кәсібін бастауға мүмкіндік алды. Бұл қолдау шараларының тиімділігін көрсететін маңызды көрсеткіш және ауданның шағын бизнесін дамытуға қосқан қомақты үлес.

Грант иегерлері жобаларын түрлі бағытта жүзеге асырып келеді. Атап айтқанда: тігін ісі, спорт, білім беру қызметтері, клининг, сұлулық салондары, пайдалы тағам өндірісі, наубайхана және кондитерлік істер бар. Әсіресе, тігін өндірісі саласы ерекше көзге түсіп отыр: биыл бұл бағытта 5 кәсіпкер грант жеңіп алды. Олар шеберханаларын қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, ұлттық бұйымдар, мектеп формасы және күнделікті киім сияқты сұранысқа ие өнімдер шығаруды бастап кетті. Бұл жобалар нарықты сапалы тауарлармен қамтамасыз етіп қана қоймай, жұмыс орындарын ашуға және отбасылардың табысын арттыруға септігін тигізіп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Түрксіб ауданы #Жаңа бизнес #бастамалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыстады

Бүгін 17:54

Қазақстан мектептеріне жаңа пән қосу ұсынылды

Бүгін 17:42

Елімізде 5 жылға жетпей ажырасатындар көбейген

Бүгін 17:10

Туған күнін тойламайтындар

Бүгін 17:03

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Бүгін 16:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика