AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Түрксіб ауданында жаңадан алты мыңнан ас...

Алматының Түрксіб ауданында жаңадан алты мыңнан астам оқушы орны ашылды

Алматы Бүгін 15:00 44
Алматының Түрксіб ауданында жаңадан алты мыңнан астам оқушы орны ашылды

Алматының Түрксіб ауданында әлеуметтік инфрақұрылым кеңейіп келеді: жаңа мектеп пен балабақша ашылып, медициналық мекемелер, спорттық және шығармашылық орталықтар салынып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жүзеге асып жатқан және жоспарланған жобалар туралы аудан әкімі Дамир Әкежанов Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында айтып берді.

Қарқынды дамып келе жатқан тұрғын алаптарда мектеп салу негізгі бағыттың бірі. Биылғы қыркүйекте ауданда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жалпы саны 6100 оқушыға арналған төрт мектеп салынды.

Жаңа білім беру нысандары Time City тұрғын үй кешенінде – 2000 орынға, «Парасатта» – 600 орынға, Altyn City-де – 1500 орынға және Jeti Qazyna-да – 2000 орынға есептелген. Сонымен қатар тамыз айында №170 жалпы білім беретін мектепке 125 орындық қосымша ғимараттың құрылысы аяқталды.

Жаңа жобалар да дайындалып жатыр. 2026 жылғы қазанда №142 мектепті реконструкциялау жобасының құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтуі тиіс. Жыл соңына дейін №84 мектеп те осындай кезеңнен өтуі керек. Сондай-ақ ескі ғимараттардың орнына №89 бен №74 мектептің жаңа ғимаратын салу көзделген. Олар тиісінше 1200 бен 1500 орынға шақталады. №20 мектептің 1200 оқушыға арналған жобасын 2027 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік сараптамаға жіберу жоспарланып отыр.

«Қазіргі уақытта екі нысанның құрылысы басталды: №78 мектеп-гимназиясын 450 орынға реконструкциялау мен оған қосымша ғимарат салу, сондай-ақ №198 мектеп-гимназиясына 600 орындық қосымша құрылыс жүргізу. Екі жобаны да 2027 жылғы тамызда аяқтайды. Бұл жұмыс оқушы орнының тапшылығын азайтып, қолданыстағы мектептерге түсетін жүктемені төмендетіп, балаларға білім алуға жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді», – деді Дамир Әкежанов.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі де кеңейіп келеді. 2026 жылғы маусымда Қайрат шағын ауданында 260 орындық балабақша ашылды.

Тағы төрт жоба дайындық кезеңінде. Олар – Алтай шағынауданындағы №119 бөбекжай-балабақшасын реконструкциялау, Огарев көшесінде 190 орындық балабақша мен Әлмерек шағын ауданында 240 орындық мектепке дейінгі ұйым салу. Сонымен қатар Жас Қанат шағын ауданындағы 280 орындық балабақша салынып бітіп, сейсмикалық күшейту жұмысын жүргізеді.

Огарев көшесіндегі жоба 2027 жылғы наурызда, ал Жас Қанаттағы нысан сәуірде мемлекеттік сараптамадан өтуі тиіс. Алтай мен Әлмерек шағын ауданындағы балабақшалардың құжаттамасын 2026 жылдың соңына дейін сараптамаға дайындау жоспарланған. Бұл жобаларды іске асыру аудандағы мектепке дейінгі ұйымдарға кезекті азайтуға мүмкіндік береді.

Медициналық көмектің қолжетімділігіне де ерекше көңіл бөлініп отыр. 2026 жылдың соңына дейін тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтердің қамту аясын кеңейтетін екі ірі нысанды аяқтау жоспарланған.

«Айбасов көшесіндегі 200 қабылдауға арналған амбулаторияны қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Желтоқсанда Наманганская көшесіндегі емхананың құрылысы аяқталады. Ол 500 адамды қабылдай алады. Жаңа нысандар аудан тұрғындарына медициналық көмекті жақын әрі қолжетімді етеді», – деді аудан әкімі.

Сонымен қатар денсаулық сақтау саласындағы тағы төрт нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Әлмерек шағын ауданы мен РВ-90 аумағында әрқайсысы 200 қабылдауға арналған отбасылық дәрігерлік амбулаториялар салу жоспарланған. Сондай-ақ №8 қалалық клиникалық аурухананы реконструкциялап, Қайрат шағын ауданында 340 адамды қабылдауға арналған емхана салу жобалары дайындалып жатыр.

Амбулаториялар мен №8 аурухананы реконструкциялау жобалары бойынша құжаттарды 2026 жылғы қазанда, ал Қайраттағы жаңа емхана жобасын желтоқсанда мемлекеттік сараптамаға жіберу жоспарланған.

Ауданда спорт, шығармашылық және отбасылық демалысқа арналған жаңа кеңістіктер де құрылып жатыр.

«Жас Қанат шағынауданында Даму мен шығармашылық орталығы салынып жатыр. Оны 2026 жылғы желтоқсанда аяқтау жоспарланған. «Авиатор» стадионының аумағында дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайда болады, құрылыс жұмысын 2027 жылғы қарашада аяқтау көзделген. Сонымен қатар Осипенко көшесінде тағы бір дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жобасы пысықталуда», – деді Дамир Әкежанов.

Жаңа мектептер, балабақшалар, емханар мен спорт нысандары Түрксіб ауданының әр бөлігінде әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, қолданыстағы мекемелерге түсетін жүктемені азайтуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

AI & Digital Bridge 2026 қазақстандық стартаптарға Силикон алқабына жол ашады

Бүгін 15:34

AI MONTH аясында Қазақстанда жүлде қоры 2 млн долларды құрайтын AI-кино фестивалі өтеді

Бүгін 15:31

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Минскіге ресми сапармен барды

Бүгін 15:30

Kazakhstan is the Eurasian AI Hub: Қазақстан жаңа AI-экожүйесін қалыптастырады

Бүгін 15:26

Алматы әкімі көркейту жобалары бойынша мердігерлерге шара қабылдауды тапсырды

Бүгін 15:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);