AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Түрксіб ауданында тұрғындардың ұсынысы б...

Алматының Түрксіб ауданында тұрғындардың ұсынысы бойынша 24 жоба жүзеге асып жатыр

Алматы Бүгін 14:56 45
Алматының Түрксіб ауданында тұрғындардың ұсынысы бойынша 24 жоба жүзеге асып жатыр

Алматының Түрксіб ауданы тұрғын үйлерді жаңғыртып, аулаларды, арық желісі мен қоғамдық кеңістікті жаңартып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында аудан әкімі Дамир Әкежанов жүзеге асқан жобалар мен жылдың соңына дейінгі жоспары туралы айтып берді.

Қазіргі уақытта Түрксіб ауданында 582 тозығы жеткен үй бар. Бұл Алматыдағы ескірген тұрғын үй қорының жартысына жуығын құрайды. Қазір жеті учаскеде оңалту (реновация) жұмысы жүргізіліп жатыр.

«Қазір 34 тозығы жеткен үй сүрілді, 17 жаңа көпқабатты тұрғын үй салынып, 590 меншік иесі жаңа баспанаға көшірілді. Алдағы уақытта тағы 155 ескі үй бұзылады. Олардың орнына 175 көп қабатты тұрғын үй салады», – деді әкім.

Сонымен қатар көпқабатты үйлердің ауласы да жаңартылып жатыр. Ауданда 16 ауланың ағымдағы жөндеу жұмысы аяқталып қалды, тағы төрт аулада Жұлдыз-1 шағын ауданында күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Осы жұмыстың аясында балалар мен спорт алаңы жаңартылып, көгалдандырады, перголалар, габиондар, орындық пен қоқыс жәшіктері орнатылады. Аулалардағы асфальт жабындысы жаңартылып, брусчатка төселіп, жаңбыр суын бұру үшін арық желісі де ретке келтіріледі.

Тұрғындарға абаттандыру бойынша өз жобаларын ұсынуға мүмкіндік беретін «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы да жалғасып жатыр.

«2026 жылы бағдарлама аясында 24 жоба жүзеге асып жатыр. Олардың ішінде 11 алаңқай мен жаяу жүргіншілер аймағы, сегіз балалар мен спорт алаңы, төрт автоматты суару жүйесі мен бір автотұрақ бар», – деді әкім.

2026 жылы Баум тоғайын абаттандыру жобасы да жүзеге асырылды. Әуежай көлі тағы бір ірі қоғамдық кеңістікке айналуы тиіс. Оны реконструкциялау жобасында жағалау, көпір, бақылау алаңы мен павильондар салу қарастырылған. Сонымен қатар мұнда шағын сәулет нысанын орнатып, жаяу жүргіншілер бағыты мен веложол салу, автотұрақ ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Дінмұхамед Қонаев атындағы Үлкен Алматы арнасын реконструкциялау жұмысы да жалғасуда. Түрксіб ауданы аумағындағы каналдың ұзындығы 5,5 шақырым. Бұл учаскедегі демонтаж, тазалау мен бетондау жұмысы аяқталды.

Түрксіб ауданы Алматыдағы ең көгалдандырылған ауданның бірі болып қала береді. Оның жасыл қорында 772,7 мың ағаш бар. 2026 жылдың басынан бері ауданда 30 мың бұта мен 840 ірі көлемді ағаш егілді. 4740 ағашты кесті.

Жасыл желекті санитарлық мақсатта кесу жұмысы да жалғасып жатыр. Жоспарланған 20 мың ағаштың 17,9 мыңы бойынша жұмыс орындалды. Апатты жағдайдағы және алып тастауды қажет ететін 2200 ағаштың 1760-ы кесілді.

Аумақты су басудан қорғауға да ерекше көңіл бөлінді. Арық желісін жаңғырту аясында үш учаскеде жалпы ұзындығы 3,4 шақырым болатын жаңа арықтар салынды. Тағы алты учаскеде 600 метр арық желісі жөнделіп жатыр. Бұл жұмысты 2026 жылғы қарашада аяқтау жоспарланған.

«Үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша Түрксіб ауданы тұрақты даму қарқынын көрсетіп отыр. Жыл соңына дейін негізгі инфрақұрылымдық нысандар аяқталып, қалалық ортаны жаңарту, әлеуметтік нысандар салу және реновация жобаларын іске асыру жалғасады. Әкімдік жұмысы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және аумақты одан әрі кешенді дамытуға бағытталған», – деп атап өтті Дамир Әкежанов.

Тұрғын үй қорын, аулаларды, жасыл аймақтар мен инженерлік инфрақұрылымды жаңарту ауданның қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға, ал жаңа қоғамдық кеңістіктер қала тұрғындарының демалысы мен бос уақытын өткізуіне қосымша мүмкіндіктер жасауға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

AI & Digital Bridge 2026 қазақстандық стартаптарға Силикон алқабына жол ашады

Бүгін 15:34

AI MONTH аясында Қазақстанда жүлде қоры 2 млн долларды құрайтын AI-кино фестивалі өтеді

Бүгін 15:31

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Минскіге ресми сапармен барды

Бүгін 15:30

Kazakhstan is the Eurasian AI Hub: Қазақстан жаңа AI-экожүйесін қалыптастырады

Бүгін 15:26

Алматы әкімі көркейту жобалары бойынша мердігерлерге шара қабылдауды тапсырды

Бүгін 15:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);