Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Түрксіб ауданында жаңа денешынықтыру-сау...

Алматының Түрксіб ауданында жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Әлеумет 29.11.2024, 09:11 918
Алматының Түрксіб ауданында жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Түрксіб ауданындағы Жас қанат ш/а салынған жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешеніне (ДСК) барды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Күніне 600 адамды қабылдай алатын жаңа спорт нысаны жергілікті тұрғындарға сапалы спорт жабдықтарына қол жеткізуге және үйлеріне жақын жерде әртүрлі спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді.

Нысандағы құрылыс-монтаж жұмыстары 2020 жылдың желтоқсанында басталды. Алайда шарттық міндеттемелердің бұзылуына байланысты мердігер – «БУРҒАН2005» ЖШС 2022 жылғы желтоқсанда сот қаулысымен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы болып танылды. Компаниядан тұрақсыздық айыбы өндіріліп, құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау міндеттелді.

Ерболат Досаевтың жаңа кешенге сапары және спортшылармен кездесу

Жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешеніне барған кезінде Алматы әкімі Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері Дмитрий Баландинмен, Александра Ле және Ислам Сәтбаевпен кездесті.

Спортшылармен әңгімелесу барысында Ерболат Досаев Түрксіб ауданындағы «Авиатор» стадионында тағы бір ДСК салынатынын атап өтті. Жаңа жобада оқ атуға арналған заманауи зал және спорттық жарыстар өткізуге болатын елу метрлік бассейн қарастырылған.

«Жас қанат шағын ауданындағы жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені жас спортшылар мен жергілікті тұрғындардың спортпен шұғылдануына арналған тартымды орынға айналады. Заманауи стандарттарға сай келетін денешынықтыру-сауықтыру кешендері қаламыз үшін аса қажет. Біз олардың құрылысы кезінде барлық тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған кешендер желісін құруды мақсат етеміз», – деп атап өтті Ерболат Досаев олимпиадашылармен кездесу барысында.

Кешеннің жұмыс кестесі

Алматы әкімінің алдыңғы тапсырмаларын ескере отырып, Жас қанат шағын ауданындағы ДСК кестесі ЖМДБ тәрбиеленушілерінің сабақтарына және аудан тұрғындарының қажеттіліктеріне сәйкес жасалды. Кешенге сенбі және жексенбі күндері де келуге болады.

Алматыдағы басқа спорттық нысандар

Естеріңізге сала кетейік, осы айда Зерделі ш/а күніне 400 келушіге арналған жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Қазіргі уақытта Алматыда үш (Шұғыла, Саялы және Авиатор шағын аудандарында) ДСК салу бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған спорт орталығын салу жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #спорт #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15

Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттауға арналған 2026–2028 жылдарға арналған жоспарды бекітті

Бүгін 14:12

СІМ орынбасары Түркі мәдениеті және мұрасы қорына сапармен келді

Бүгін 12:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика