AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Түрксіб ауданында 33 заңсыз сауда нысаны...

Алматының Түрксіб ауданында 33 заңсыз сауда нысаны мен 16 күш өлшеуіш бұзылды

Әлеумет 26.03.2025, 11:38 724 dulatbekova
Алматының Түрксіб ауданында 33 заңсыз сауда нысаны мен 16 күш өлшеуіш бұзылды
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Дүңгіршектер мен күш өлшеуіштер: Түрксіб ауданындағы заңсыз сауда нысандарының сүру жұмыстары туралы Алматы әкімдігі мәлімдеді.

Алматының Түрксіб ауданында 33 заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысаны (СЕСН) мен 16 ойын автоматы (силомер) бұзылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Атап айтқанда, Бекмаханов көшесі, 88в мекенжайындағы, сондай-ақ Жас Қанат шағын ауданы, 287/2 және 189, Жұлдыз шағын ауданы, 55/3 мекенжайларындағы заңсыз дүңгіршектер сүрілді.

Бұл жұмыс Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен басталған заңсыз орнатылған СЕСН-ді жою науқаны аясында жүзеге асырылуда.

«Көктем келді, бәріміз қаламызды таза, көркем әрі гүлденген күйде көргіміз келеді. Дүңгіршектер мен күш өлшеуіштердің ретсіз орналасуына жол бермеу керек. Олардың заңдылығын тексеру мен реттеу – дұрыс шешім», – дейді Алматы тұрғыны Айтолқын Толғанай.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың 4 ақпанынан бастап Алматыда Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы Жұмыс тобымен бірлесіп, көше саудасы нысандарын жоюға кіріскен болатын. 

Бүгінде Алматыда мемлекеттік қор жерінде орналасқан 306 заңсыз стационарлық емес сауда нысаны бұзылды.

Қалған 139 СЕСН-ді бұзу жұмыстары осы жылдың 31 наурызына дейін аяқталады.

Коммуналдық қызмет бұл нысандардың заңсыз қосылған инженерлік желілерін ажырату жұмыстарын жалғастырып отыр.

Сонымен қатар, қала аумағында жер учаскесіне берік бекітілген 32 капиталды құрылыс анықталды. Жұмыс тобы оларды мәжбүрлеп бұзу үшін сотқа талап арыздарын жолдауды бастады.

Бұған қоса, осы жұмыс аясында 222 ойын-сауық аппараты (күш өлшеуіштер) бұзылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Түрксіб ауданы #33 заңсыз нысан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);