Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматының туристік саласына құйылған инвестиция 20...

Алматының туристік саласына құйылған инвестиция 2025 жылы қаңтар-қыркүйек аралығында 113 млрд теңгеге жетті

Барлығы 14.11.2025, 09:07 505
Алматының туристік саласына құйылған инвестиция 2025 жылы қаңтар-қыркүйек аралығында 113 млрд теңгеге жетті
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының туризм басқармасының мәліметінше, 2025 жылы қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша туристік саладағы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 113,2 млрд теңгеге жетті.

Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 47,4% көп, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

2025 жылы бірінші жартыжылдықта саланың жалпы қосылған құны 559,3 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың алты айымен салыстырғанда екі есе жоғары әрі туристік сектордың экономикалық маңыздылығы артып келе жатқанын көрсетеді.

Қаладағы орналастыру нарығында да айтарлықтай өзгеріс бар: Алматыдағы нөмірлік қор — 12 552 нөмір (өсім 8%), 377 орналастыру орны жұмыс істейді, бір мезетте 22 768 адам қабылдай алады.

2025 жылдың басынан бері туризм индустриясында жеке инвестор есебінен 34 жаңа нысан іске қосылдв. Олардың ішінде: 11 қонақ үй, 1 глэмпинг, 1 капсулалы қонақ үй, 18 хостел, 3 демалыс базасы кіреді.

Сонымен қатар 6 794 нөмірге арналған 58 қонақ үй құрылысы жобасына және туристік нысандарды жобалау мен салудың 35 жобасына тұрақты мониторинг жүргізіліп жатыр.

«Инвестицияның артуы кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндік ашады, туристік қызметтің аясын кеңейтуге және заманауи сервис стандарттарын енгізуге жағдай жасайды. Басты басымдық — маусымаралық кезеңде нысандардың жүктемесін арттыру, MICE-бағытын дамыту және шетелдік қонақтарға сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету», — деді Алматы қаласы туризм басқармасының өкілдері.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #туризм #инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Кеше 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Кеше 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Кеше 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Кеше 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Кеше 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика