Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының тау бөктеріндегі құрылысқа бақылау күшей...

Алматының тау бөктеріндегі құрылысқа бақылау күшейтіледі

Әлеумет 29.03.2024, 04:22 914
Алматының тау бөктеріндегі құрылысқа бақылау күшейтіледі
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев бейінді басқармалардың, Төтенше жағдайлар департаменті, жер ресурстарын басқару департаментінің және т.б. қатысуымен тау бөктеріндегі құрылысты реттеу мәселесі бойынша кеңес өткізді.


Естеріңізге сала кетейік, Алматыда Ерболат Досаевтың тапсырмасымен таулы аймақтары және тау бөктеріндегі құрылысты бақылау күшейтілді. 2022 жылы маусымда мәслихат еңісі 15 градустан асатын беткейде құрылысқа тыйым салатын аумақтың функционалдық аймақтарын салудың қала құрылыстық регламенттерін іске асыру жоспарында әкімдік бастамашылық еткен өзгерістерді бекітті.



Қабылданған өзгерістер Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарында және егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобаларында көрініс тапты, қала тұрғындары және сарапшылардың қоғамдық талқылау қорытындысы бойынша оған бірқатар ұсыныс енгізілді. Соның бірі тау бөктеріндегі 4 270 гектардан астам жерді құрылысқа тыйым салу үшін рекреациялық аймақтарға ауыстыру.



Қала құрылысы және урбанистика басқармасы халықтың өтінішімен тау бөктеріндегі нысандарды жобалауға топырақтың инженерлік-геологиялық іздестіру кезінде бастапқы деректерді береді.  Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, 2022 жылы 36 нысан, 2023 жылы – 89 және биыл 32 нысан салуға рұқсат берілмеген.



Бұл ретте, кеңеске қатысушылар атап өткендей, бүгінде барлық құрылыс салушы жобалық шешімдерді сақтамайды. Тәжірибе көрсеткендей, кейбіреулер тек рұқсат құжаттамасын алу үшін инженерлік-геологиялық топырақты іздестіруді жүргізеді. Таулы жерлерде заңсыз құрылыс жүргізген 54 фактісінің 46-сы сотқа берілді, оның 30-ы қаланың пайдасына шешілді, бүгінде оның 5-інде нысандар бұзылды.



Кеңес қорытындысы бойынша қала әкімі Ерболат Досаев сәулет және қала құрылысын қадағалау органдарына, аудан әкімдіктеріне тау бөктеріндегі аумақтарда өз бетінше құрылыс салуға тұрақты түрде мониторинг жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп жатқан ҚР Құрылыс кодексіне жеке тұрғын үйлер құрылысының барысын тексеру мүмкіндігі бөлігінде қала құрылысын бақылау органдарының өкілеттігін күшейту жөнінде ұсыныс енгізілсін. Жер ресурстарын басқару департаменті – жер заңнамасының сақталуы үшін жер телімдеріне тексерулер жүргізсін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #құрылыс #Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы Орталық Азиядағы басты тартымды бағыт ретіндегі орнын нығайтып келеді

Бүгін 11:53

Қазақстан әскерінде кадрлық ауыс-түйіс болды

Бүгін 11:48

"Өз архитектурасы жоқ ұлт – өз үйінде қонақ" - Елзат Мұқаш

Бүгін 11:24

Оқиғалы туризм Алматыға деген қызығушылықтың негізгі драйверіне айналып келеді — Mastercard деректері

Бүгін 11:04

Ресейлік блогер фотосессия үшін пілді қызғылт түске бояған: Жануар артынша өліп қалды

Бүгін 11:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика