AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау 2026 / Алматының шалғай шағынаудандарында таңнан бастап с...

Алматының шалғай шағынаудандарында таңнан бастап сайлаушылар белсенділігі байқалды

Сайлау 2026 Бүгін 10:46 47
Алматының шалғай шағынаудандарында таңнан бастап сайлаушылар белсенділігі байқалды
Алматы әкімдігі

Көкжиек өзінің өнерлі тұрғындарымен және ауызбіршілігімен танымал, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматының Жетісу ауданындағы Көкжиек шағынауданында дауыс беру күні сайлау учаскелерінің ашылуымен ғана емес, шығармашылық бағдарламамен де басталды. Алғашқы бірнеше сағаттың ішінде №355 және №356 сайлау учаскелерінде 300-ге жуық адам дауыс берді.

Көкжиек өзінің өнерлі тұрғындарымен және ауызбіршілігімен танымал. Осыған орай тұрғындар үшін «Тәуелсіздік – тұғырым» атты шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Таңнан бастап сайлау учаскелерінде әуезді музыка шырқалып, мерекелік көңіл күй халық билерімен толықты.

Жергілікті қолөнершілердің авторлық бұйымдар көрмесі ьұрғындардың ерекше қызығушылығын тудырды. Шеберлер өздері жасаған туындыларын ұсынып, қала тұрғындарын шығармашылығымен таныстырды.

Сондай-ақ, тосынсый да болды. Дәстүр бойынша алғашқылардың бірі болып дауыс берген азаматтарға естелік сыйлық табысталды.

Көкжиек – тұрғындары бір-бірін жақсы танитын, шағын әрі тату шағынаудан. Мұнда халық ортақ істер, шығармашылық және игі бастамалар жолында жиі бірігеді.

Бүгін сайлау учаскелерінде тұрғындар көршілерімен және таныстарымен кездесіп, пікір алмасып, жергілікті шеберлердің жұмыстарымен танысуда. Осылайша, жексенбі таңы көршілік татулық пен жылы қарым-қатынас атмосферасында өтіп жатыр.

Еске сала кетейік, Алматы мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына 168 кандидат тіркелген. Оның 109-ы партиялық тізім бойынша, ал 59-ы бірмандатты сайлау округі бойынша ұсынылған.

Қалада 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 41-інде бір күндік тіркеу қызметі қолжетімді.

Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сайлауға әнмен келген ардагерлер: Алматыдағы учаскеде ансамбль өнер көрсетті

Бүгін 11:45

Жас қолбайлау емес: 90 жастағы алматылық ақсақал мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді

Бүгін 11:30

Алматының танымал тұрғындары да сайлауға белсене қатысты

Бүгін 11:26

Қоғам қайраткері Асылы Осман Алматы мәслихаты депутаттары сайлауының маңызы туралы пікір білдірді

Бүгін 11:20

Актриса Сәбила Әбуева: «Мәслихатта алматылықтардың мүддесін кім қорғайтыны мен үшін маңызды»

Бүгін 11:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);