Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының сауықтыру орталығында балалар спектакль...

Алматының сауықтыру орталығында балалар спектакль ұсынды

Әлеумет 02.06.2025, 17:01 870
Алматының сауықтыру орталығында балалар спектакль ұсынды
aqshamnews.kz

Алматы қалалық Психикалық сауықтыру  орталығының емделушілері «Балалық шақ қайда кетті?» деген қойылымды сахналап, көрерменге өнерін паш етті.  Олар бұл көрініске 4 ай бойы дайындалып, Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында кішкентай пациенттерге және медицина қызметкерлеріне ұсынды. 

Науқас жасөспірімдерді театр өнеріне баулып, сахна төрінде өз бойындағы қорқынышпен күресуге және көпшілік алдында сөйлеуге жігерлендіріп жүрген арт-  терапевт Дарияш  Қасымова бұл қойылымда жасөспірімдер балалық шақпен қоштасып, ата-анаға перзентіне көңіл бөлудің маңызды екенін,  жүрегіндегі тілегін естіртуге тырысады дейді.

”Олар ересектерді кәмелет жасқа толмағандардың пікірін құрметтеуге шақырады. Әрбір көріністің астарында шынай өмірде ұл-қыздар айта алмай жүрген және әрбір кезеңде олардың  өзін-өзі көрсетуге ұмтылысы, қайнап жатқан тіршіліктің бір мүшесі болып қалыптасуға әрекеті, қоршаған ортаның құпиясын білуге талпынысы байқалады. Сценарий авторлары да, кейіпкерлері де — орталықтың  пациенттері. Балалар өздері ойлап тапты,” - дейді Дарияш  Қасымова.

Сондай-ақ, орталықтың балалар бөлімінің дәлізінде суретшілер көрмесі өтті. Емделушілер балалық шаққа саяхат жасап, жарқын сәтті, жақын адамды немесе өміріндегі ұмытылмас күн, оқиғаны қылқаламмен ақ қағазға бейнеледі. Көрмеге қойылған шығармалардың басым бөлігі — жануарлар мен ойыншықтардың суреті. Екі автор-бала ғана ата-анасын еске түсірген. Ал бір емделуші ақ шашты әжесін сағынған секілді. Саябақта біреуді күтіп отырған қарияның   бейнесі көрмеге келген қонақтардың қызығушылығын оятты.  Әр туындының астарында балалардың балалық шаққа сағынышы менмұндалап жатқандай.  

Әрі қарай мерекелік іс-шара асханада жалғасты.  Емделушілер шеберлік дәріске қатысып, тұзды суға қамыр илеп, оған бояу қосып, мысықтың мүсінін жасады. Шығармашылыққа баулу арқылы олардың ойлау қабілетін дамыту, күйзелістен арылуға көмектесу дейді мамандар. 

Алматы қаласында  3 мыңға жуық бала, жасөспірім психикалық динамикалық бақылауда  тұр. 

Иә, Алматы қалалық Психикалық орталықтың ғимараты  ерекше балалардың шығармашылық алаңына айналды. Орталықтың дәрігерлері, медицина қызметкерлері қоғамнан оқшау өмір сүретін  кішкентай науқастарды мереке қарсаңында осылай қуантты

Елімізде басталған «Дәрігер – балалардың жанашыры» акциясы аясында олар бақша өнімдерін егу, баптаудың  қыр-сырын үйрететін шеберлік дәрісіне қатысты.

Психикалық ауруға шалдыққан балалар үшін арт-терапия, еңбек терапиясының пайдасы зор. Қылқаламның құдіреті емделушіге эмоциясын білдіруге, ішіндегі қорқыныш пен уайымын бүкпей ақтарып, мазалаған кеселмен күресуге мүмкіндік береді. Әрі науқастың  шығармашылық дағдыларын дамыту арқылы өзін-өзі бағалауды жетілдіруге пайдасы зор дейді Балалар бөлімінің меңгерушісі Ольга Александрова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #дәрігер #бала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Түркияда өткен таеквондодан турнирде бес медаль жеңіп алды

Бүгін 12:32

Алматыда сот шешімімен ірі ғимарат сүріліп жатыр

Бүгін 12:16

Түркістан облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын сотталды

Бүгін 12:10

Freedom Inside форумы: цифрлық экожүйелердің бизнес пен технологияларды қалай біріктіреді

Бүгін 12:05

Белгілі қазақстандық жазушылар мен ақындар «Кітап оқитын ұлт» жобасы Қамқоршылық кеңесінің құрамына кірді

Бүгін 11:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика