AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының қоғамға белгілі тұлғалары дауыс беруге ш...

Алматының қоғамға белгілі тұлғалары дауыс беруге шақырды

Әлеумет 04.03.2026, 13:31 292 yakiya
Алматының қоғамға белгілі тұлғалары дауыс беруге шақырды

Алматыдағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қала тұрғындары мен бүкіл ел азаматтарын 15 наурызда жаңа конституция жобасы бойынша өтетін республикалық референдумға қатысуға шақырды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Олардың айтуынша, дауыс беруге қатысу – әр азаматқа ел болашағына тікелей ықпал етіп, негізгі заңды заман талабына сай етіп жаңартуды қолдауына мүмкіндік береді.

«Ауған орталығы»» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Дауд Мохаммад конституцияны жаңарту мемлекеттің дамуының заңды кезеңі екенін атап өтті.

«Бүгінде еліміз даму жолындағы аса маңызды кезеңде тұр, өйткені біз жаңа конституция жобасын талқылап жатырмыз. Жаһандық өзгерістер мен цифрландыру дәуірінде қоғамдық-саяси және экономикалық үдерістер өте жылдам өзгереді, сондықтан негізгі заң да уақыт талабына сай болуы тиіс. Жаңа конституция жобасының ұсынуы – ең дамыған елдержің өзі де қолданатын қалыпты әлемдік тәжірибе», – деді ол.

Спикер ауған қауымдастығының өкілдері бастаманы қолдайтынын және халық арасында белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын жеткізді.

«Конституция – бұл мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық келісім. Сондықтан оны қалыптастыруға әр азамат қатысуы керек», – деп қосты Дауд Мохаммад.

«Қазақстандағы ұйғыр жастарының одағы» РҚБ төрағасы Рустам Қайрыев те осыған ұқсас пікір білдірді. Ол қолданыстағы конституцияның маңызын атап өтіп, оны жаңарту қажеттігі туғанын айтты.

«Бүгін мен 30 жыл бойы азаматтардың құқықтарын қорғап келген конституциямызға алғыс айтқым келеді. Алайда жаңа заман бізге жаңа сын-қатерлер жүктейді, оларды еңсеру үшін жаңарған заң қажет», – дейді ол.

Рустам Қайрыевтің айтуынша, жаңа конституция жобасы қоғам сұранысын ескеріп, ел болашағына бағытталған.

«Халықтық конституция халық үшін жасалады. Сондықтан баршаңызды 15 наурызда референдумға келіп, таңдау жасауға шақырамын», – деді спикер.

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер өкілдері референдумға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі әрі Қазақстанның орнықты дамуы мен жаңғыруына қосылған үлес деген ортақ пікірге келді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «КҮНШУАҚ» жазғы ойын-сауық алаңы ашылды

Бүгін 19:09

Алматылық жеңіл атлеттер жастар арасындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Бүгін 19:04

Мемлекет басшысы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды

Бүгін 18:03

Алматылық боксшылар Венгриядағы халықаралық турнирдің жүлдегері атанды

Бүгін 17:55

Алматыда жүргізушілер LEZ аймағына кірген кезде пилоттық режимде push-хабарлама ала бастайды

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);