Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының полициясы балалар қауіпсіздігін қалай қа...

Алматының полициясы балалар қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етпек

Әлеумет 29.05.2025, 11:45 882
Алматының полициясы балалар қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етпек
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматының полициясы жазғы каникул кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
 
  
Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінде балалардың жаз маусымындағы қауіпсіздігіне арналған пресс-конференция болып өтті. Оған Алматының Полиция Департаментінің Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Айтан Елеусізов қатысты.  
 
Спикердің айтуынша, жазғы каникул кезінде, әсіресе қалалық жерде оқыс оқиға қаупі артады. Алматыда осындай жағдайдың алдын алу үшін былтырдан бері мекемелер арасындағы ықпалдастықты арттырып, қоғамдық бақылауды күшейтуді көздейтін іс-шаралар қолға алынған. 
 
«2024-2025 жылдары қабылданған іс-шаралардың арқасында қауіп-қатерді барынша бәсеңдетіп, қаладағы 266 мыңнан астам баланың толыққанды демалуына жағдай жасадық»,- деп атап өтті Айтан Елеусізов. 

Полицейлердің тағы бір міндеті – жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Жаз кезінде олар жас инспекторлармен бірге ойын-сауық мекемелерін бақылап, балалар көп жүретін мектеп, сауда орындары мен вокзал маңын тексеріп, рейд жасаған.  

«Балалар лагері мен демалыс орындарының әрқайсысында бекітілген бір-бір бөлімше полицейі мен ювеналды полиция қызметкері бар. Олар кез келген жағдайда жылдам қимылдап, оқыс оқиғаның алдын алуға тырысады,- деді Айтан Елеусізов.  Буллинг пен кибербуллингтің алдын алып, жасөспірімдер жасаған немесе жасөспірімдерге жасалған заңыз әрекеттің жолын кесу де полицияның міндетіне кіреді. 

Жиын барысында,  жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары ата-аналарға өтініш жасады. 

«Ата-аналар жағы балаларының қайда, қай жерде жүргенін қадағалап, оларды үнемі бақылап отыруы керек. Балалармен бірлесіп жол қауіпсіздігі ережесін жаттап, қауіп төнгенде оларға не істеу керек екенін айтыңыздар.  Ең бастысы – балаға шұғыл қызметтің 101, 102, 103 және 112 нөміріне қоңырау шалуды үйретіңіз»,- деп толықтырды Айтан Елеусізов. 

Сонымен бірге, полиция терезені ашық қалдырудың да қауіпті екенін ескертті. Терезеге темір жақтау орнатып, немесе терезені баланың қолы жете алмайтындай етіп жасаған дұрыс.  

Жиынның соңына қарай, полиция өкілі баланың қауіпсіздігіне ең алдымен ата-анасы жауапты екенін тағы бір рет еске салып, мемлекеттік органдар мен білім мекемелерімен бірлесіп жұмыс істеу қауіпті азайтуға ғана көмектесетінін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бала #каникуль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қос ішектің үні Нью-Йоркті тербетті: қазақ домбырасы әлем төрінде

Бүгін 14:21

"Үміті сөне жаздаған еді". Желіні тәнті еткен НИШ қызметкері эксклюзив сұхбат берді

Бүгін 14:10

Қазақстан Түркияда өткен таеквондодан турнирде бес медаль жеңіп алды

Бүгін 12:32

Алматыда сот шешімімен ірі ғимарат сүріліп жатыр

Бүгін 12:16

Түркістан облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын сотталды

Бүгін 12:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика