AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Көрме / Алматының орталық музей қорында 14 мыңнан астам әш...

Алматының орталық музей қорында 14 мыңнан астам әшекей бұйым сақтаулы

Көрме 31.03.2022, 15:47 2,450
Алматының орталық музей қорында 14 мыңнан астам әшекей бұйым сақтаулы
Сурет: 24.kz

Қалада «Көненің көзі» көрмесі өтуде


Мұнда ХІХ және ХХ ғасырдағы қазақтың зергерлік әшекейлері мен дәстүрлі ұлттық киімдерін көруге болады. «Көненің көзі» көрмесінде көркемдік-тарихи маңыздылығы жоғары 100-ден аса көне жәдігер қойылған. Мұнда сырға, білезік, сақина, шолпы және алқалардың түр-түрі бар. Тіпті аты аңызға айналған күміс көмей әншілер Күләш Байсейітова мен Жамал Омарованың да әшекейлері көрменің ажарын аша түскендей. Халық әртісі Шара Жиенқұловаға күйші Дина Нұрпейісова сыйға берген қос білезік те осында тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.



«Біздің қорда 14 мыңнан астам әшекей бұйымдар сақталып жатыр. Атап айтқым келетіні, осы музейде археологиялық қазба жұмыстарынан табылған бұйымдар сақтаулы. Күлтөбеден, Оңтүстік Қазақстаннан табылған сырға бар. Таза алтыннан жасалған. Сосын гранатпен әшекейленген. Сол сырға біздің көрмеге бірінші рет қойылып отыр. Бұл көне бұйымдардың көрмеде жарқырап тұруы – ең бірінші кезекте реставраторлардың еңбегі. Музейдің консервациялау бөлімінің қызметкерлері көне бұйымдарды қалпына келтіру үшін бірнеше күн бойы көз майларын тауысып отырып жұмыс істегендерін айтады», - деді ҚР Орталық мемлекеттік музейінің бөлім жетекшісі Шолпан Тұрсынбаева.


«Бұларды қалпына келтірген кезде, әртүрлі әдістерді пайдаланамыз. Ең алдымен зат қандай жағдайда, қалай бүлінгеніне қарай оның қалпына келтіру процесін пайдаланамыз. Тасы түсіп қалған жерге қайтадан тас саламыз. Сосын қарайып кетсе, оны арнайы қышқылдар бар күміс тазалайтын, солармен тазалаймыз. Ұйымдастырушылар көрменің мақсаты – ұлттық мұраны сақтау, насихаттау және музей құндылықтарын жаңғырту екенін айтады», - дейді қалпына келтіруші Ринат Сонарбаев. 






Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көрме #көненің көзі #әшекей бұйымдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрманғазы оркестрі Отан қорғаушылар құрметіне концерт берді

Кеше 20:39

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Кеше 19:33

Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

Кеше 19:29

Astana IT University жасанды интеллект саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды

Кеше 19:26

Астаналық клиника Орталық Азиядағы көз клиникалары арасында алғаш рет JCI аккредитациясын алды

Кеше 19:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);