Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының өндірістік секторы референдумға шақырды

Алматының өндірістік секторы референдумға шақырды

Әлеумет 04.03.2026, 11:31 111
Алматының өндірістік секторы референдумға шақырды

Республикалық референдум қарсаңында кәсіпкерлік пен өндірістік сектордың өкілдері республикамыздың азаматтарына үндеу жасады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Tea House» ЖШС-нің бас директоры Ділмұрат Палтушев конституция мемлекеттіліктің, бірлік пен тұрақтылықтың іргетасы екенін айтты.

Оның сөзінше, жаңартылған негізгі заң мемлекет пен азаматтардың арасындағы сенімді нығайтып, елдің дамуының құқықтық негізін қалайды.

«Заңның үстемдігі – ортақ құндылығымыз. Конституция – мықты негіз. Ол әр азаматтың құқығына тікелей әсер етіп, еңбек етіп, білім алуға, бас құрап, өзін дамытуға мүмкіндік береді: Әділетті мемлекет – әр адамның жарқын болашағына кепілдік беретін ел», – деп атап өтті Ділмұрат Палтушев.

Ол алдағы референдум әр азаматтың өз ойын білдіріп, ел болашағы үшін жауапкершілік танытатын сәт екенін айтып отыр.

Өнеркәсіп саласының өкілдері де пікір білдірді. «КазЛегПром Алматы» тігін-аяқ киім фабрикасының директоры Жұлдыз Ашықбаева экономикадағы әр жетістіктің артында еңбек адамдары тұрғанын айтады.

«Референдумға қатысамыз. Сіздерді де қатысуға шақырамыз. Өйткені еліміздің мүддесі бәріне ортақ құндылық», – деді.

Референдумды 700 маман еңбек ететін үлкен кәсіпорын – «Асфальтобетон-1» ЖШС де қолдады. Жарты ғасырға жуық уақыт бойы олар Қазақстанның көлік инфрақұрылымының негізін қалыптастырып, ел аумағында сапалы жол салумен айналысып келеді.

«Асфальтобетон-1» компаниясы жаңа конституция жобасы бойынша референдум өткізуді қолдау коалициясының құрамына енген. Коалиция мүшелері еңбек ұжымдарымен кездесіп, қызметкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр.

«Біз референдумға қатысу – әділетті әрі ашық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам екеніне сенеміз», – дейді өндірістің қызметкерлері бірауыздан.

Бизнес өкілдері атап өткендей, жаңартылған конституция заң мәтініндегі өзгеріс қана емес, бұл адам құқығын нығайтып, заң үстемдігін қамтамасыз етіп, әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған стратегиялық бағдар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Бүгін 19:48

Тоқаев жастарға үндеу жасады: “Сіздер Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар”

Бүгін 19:29

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Бүгін 17:27

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі»

Бүгін 17:15

Тоқаев: Digital Qazaqstan халық мүддесіне қызмет ететін құжат болуы керек

Бүгін 16:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика