AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматының Наурызбай ауданында жыл соңына дейін үш...

Алматының Наурызбай ауданында жыл соңына дейін үш жаңа балабақша ашылады

Білім және ғылым Бүгін 16:30 41

Алматының Наурызбай ауданында 2026 жылдың соңына дейін үш жаңа балабақша ашу жоспарланып отыр. Нысандардағы құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Қазір оларды пайдалануға беру үшін қажетті құжаттар рәсімделіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Наурызбай ауданының әкімі Нәзира Тоғызбаева мәлімдеді.

Жаңа мектепке дейінгі ұйымдар Қалқаман және Құрамыс шағынаудандарында, сондай-ақ «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Қалқамандағы №207 балабақша 240 орынға, Құрамыстағы №203 және «Нұрлы Дала» ТК-дегі №204 балабақшалардың әрқайсысы 320 орынға есептелген.

2025 жылы қыркүйекте Шұғыла шағынауданында 320 орындық балабақша пайдалануға берілген болатын.

Ауданда мектеп инфрақұрылымы да кеңейіп келеді. 2025 жылы Шұғыла және Құрамыс шағынаудандарында жалпы сыйымдылығы 5 500 орын болатын үш жаңа мектеп пайдалануға берілді.

2026 жылы әрқайсысы 1 200 орынға арналған №223 және №41 жалпы білім беретін мектептер, сондай-ақ 340 орындық №15 санаторийлік мектеп-интернат ашылды. Бұдан бөлек, 375 орынға арналған №174 мектеп-гимназиясының қосымша ғимараты пайдалануға берілді.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #балабақша #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56

Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 35 жоба іске асырылуда

Бүгін 16:47

Наурызбай ауданында ұзындығы 151,4 шақырымды құрайтын инженерлік желі салынуда

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);