конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Наурызбай ауданында жаңа мектеп-интернат...

Алматының Наурызбай ауданында жаңа мектеп-интернат пен үш балабақша салып жатыр

Алматы Бүгін 13:35 32
Алматының Наурызбай ауданында жаңа мектеп-интернат пен үш балабақша салып жатыр
Самат Хусайнов

Бұл оқушы орнының тапшылығын азайтуға, балалардың сапалы білім алуына сеп болмақшы, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Наурызбай ауданында жаңа мектеп пен балабақша салынып жатыр. Аудан әкімдігі мен Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз турында осы әлеуметтік инфрақұрылымды журналистерге көрсетті.

Ауданды дамытудағы басым бағыттың бірі – тұрғындарды сапалы әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету. Осы мақсатта қосымша мыңдаған оқушы мен мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілеріне орын ашуға мүмкіндік беретін жаңа білім беру нысандары бой көтере бастады.

Қазір 340 орындық жатақханасы бар №15 мектеп-интернат толық дайын, оны алдағы қыркүйек айында пайдалануға бермек ойда. Сонымен қатар №174 мектеп-гимназиясына жапсарлас салынып жатқан 375 орындық қосымша ғимарат та салынып бітіп қалыпты. Ол да осы қыркүйекте ашылмақшы.

Сонымен қатар ауданда мектепке дейінгі білім беру мекемесін салу жағы да қолға алынды. 2026 жылдың үшінші тоқсанының соңына дейін үш балабақшаның құрылысын аяқтау жоспарланған. Оның ішінде Нұрлы Дала мен Құрамыс шағын ауданында әрқайсысы 320 орындық екі балабақша, сондай-ақ Қалқаман шағын ауданында 240 орындық бір балабақша бар.

Сонымен бірге пайдалануға бес мектеп берілді: Alem City тұрғын үй кешенінің жанындағы 1 200 орындық №41 мектеп, «Нұрлы Дала» тұрғын үй кешеніндегі 1 500 орындық №214 мектеп, Сабденов көшесіндегі 2 500 орындық №221 мектеп, Құрамыс шағын ауданындағы 1 500 орындық №219 мектеп пене «Алма Сити-3» кешеніндегі 1 200 орындық №223 мектеп.

Бұдан бөлек, Шұғыла шағын ауданында 320 балаға арналған №202 балабақша өз жұмысын бастады.

Наурызбай ауданының әкімі Нәзира Тоғызбаеваның айтуынша, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту – Алматының ең қарқынды дамып келе жатқан ауданының біріндегі ең негізгі жұмыс екен. Жаңа мектеп пен балабақшаның салынуы оқушы орнының тапшылығын азайтуға, жаңа шағын аудандардың тұрғындары үшін білімнің қолжетімділігін арттырып, балалардың сапалы білім алып, тәрбиеленуіне қолайлы жағдай жасауға сеп болмақшы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #балабақшалар #Жаңа мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ALMA LOVE: Алматы халықаралық жастар күнін президент айқындаған негізгі идеологиялық құндылық аясында атап өтеді

Бүгін 14:11

Сайлау-2026: Ең жиі таралатын жалған ақпараттар

Бүгін 13:49

Ақжарда 20 шақырым жолға асфальт төселді

Бүгін 13:29

Алматылық ардагерлер Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды

Бүгін 13:22

Наурызбай ауданындағы сумен жабдықтайтын орталық таныстырылды

Бүгін 13:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);