Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Наурызбай ауданында «Қалқаман» және «Ақж...

Алматының Наурызбай ауданында «Қалқаман» және «Ақжар» скверіне 600 тал егілді

Әлеумет 27.04.2024, 13:43 1,370
Алматының Наурызбай ауданында «Қалқаман» және «Ақжар» скверіне 600 тал егілді
Сурет Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен алынды

Бүгін Наурызбай ауданында «Қалқаман» және «Ақжар» скверіне 600 көшет отырғызылды. Іс-шара «Алматы – бақ қала» акциясы аясында өтті. Бұл «Таза Қазақстан» республикалық акциясы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқанының маңызды іс-шараларының бірі болып табылады.


Акция жергілікті тұрғындармен бірге, Қазақстан жұлдыздарының да басын қосты. Олар 350 алма және 250 бұта көшетін отырғызды. 


Күнтуған Сұлтан, Есет Сәдуақасов, Елдар Ташкенбай сияқты еңбек сіңірген қайраткерлер мен әншілер, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, соның ішінде Каркенова Мәдениет, Сана Жандай, Гүлзада Райысова, Дмитрий Дреев, Асхат Әбдіксім, Дидар Шажалиев және Жанна Тілебаева «Алматы – бақ қала» экологиялық акциясын қолдауға жиналды. Олардың бір кісідей қолдауы табиғатты қорғау мен қалада жасыл кеңістіктер құрудағы талпыныстың, бірліктің жарқын мысалы болып табылады.



«Бұл іс-шаралар қаламызды әдемі әрі жайлы етумен қатар, қоғамдастықтың бірлігі мен ынтымақтастығына ықпал етеді. Қоқысты бірге тазалап, саябақтар мен көшелерді көркейткенде, біз қоршаған ортаға ғана емес, сонымен бірге ортақ үйімізге – өзіміз өмір сүріп жатқан қалаға қамқорлық жасаймыз. Осындай іс-шараларға қолдау көрсетуді жалғастырайық және таза әрі жайлы кеңістік құруға үлес қосайық», - деді Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Сана Жандай. 



«Бүгін мен де «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында өтіп жатқан «Алматы – бақ қала» акциясына қатысуға бел будым. Қаламыз жыл сайын гүлдене берсін!», - деп белгілі әнші, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Есет Сәдуақасов қаланың бастамасын қолдады.
«Қаламыз ежелден алманың Отаны ретінде танылғанына қарамастан, Алматы тұрғындары «алма қаласы» атануына септігін тигізген алма бақтарының қандай болатынын ұмыта бастады. Алайда «Алматы – бақ қала» акциясы мен бірлескен күш-жігердің арқасында сүйікті қаламыздың бұрынғы даңқын жаңғырта аламыз деп сенемін», - деді аудан тұрғындарының бірі. 



«Алма көшетін егетінін естігенде, қатты қуандым. Бұл шынымен де жақсы идея. Енді бұл ағаштарға күтім жасау керек. Мен жақын маңда тұрамын. Сондықтан талдарды суаруды, ағаштың тамыр жайғанына көз жеткізуді жоспарлап отырмын», - деді мектеп оқушысы Әділ Сағатбек. 



Отырғызылған ағаштарды күтіп-баптау толығымен мердігерлік ұйымға жүктеледі. Жыл бойы олар ағаштарға күтім жасап, суарып, тыңайтқышты және магистральдық шеңберлерді аэрациялайды. Соған сәйкес, барлық ағаш кепілдікке тұр және жыл сайын тамырланып кетуі тексеріледі. Көшет қурап қалған жағдайда мердігер ұйым кепілдік міндеттемелеріне сәйкес жаңасын отырғызады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Наурызбай #бақ қала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Кеше 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Кеше 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Кеше 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Кеше 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Кеше 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика