AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының Наурызбай ауданында жаңа 5 мектеп пен 5...

Алматының Наурызбай ауданында жаңа 5 мектеп пен 5 балабақша салынады

Әлеумет 03.11.2023, 09:09 1,463
Алматының Наурызбай ауданында жаңа 5 мектеп пен 5 балабақша салынады
Сурет: Aлматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласы Наурызбай ауданында жаңа мектептер мен балабақшалардың құрылысы қарқынды жүргізіліп отыр.


Бұл оқушы орындарының тапшылығын азайтуға, білім беру саласының жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында «Qazaq stroy» ЖШС құрылыс компаниясы 2400 орындық екі жаңа мектептің құрылысын қолға алған. Екі мектептің бірі «Alem city» ТҮК аумағында орналасқан. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың бірінші тоқсанында аяқталады. Екінші мектеп «Алма Сити-4» тұрғын үй кешені, Алатау даңғылының бойына салынады. Жоспар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары 2024 жылдың төртінші тоқсанында аяқталады.



Сонымен қатар, 2023 жылдың қыркүйек айында «Құрамыс», «Шұғыла» шағын аудандарында («Нұрлы Дала» ТҮК) және Сәбденов көшесінде 5500 оқушыға арналған үш қосымша мектептің құрылыс жұмыстары басталды. Бұл жобалардың мердігері «Samruk-Kazyna Construction» АҚ.


Білім беру инфрақұрылымын жақсарту мақсатында Білім басқармасы 375 оқушыға арналған №174 мектеп-гимназия ғимаратына қосалқы ғимарат құрылысын салу бойынша жоба әзірледі. Құрылыс жұмыстары осы жылдың қараша айында басталуға тиіс.


Бұған қоса, «Шұғыла» шағын ауданында 320 орындық балабақша салынып жатыр. Мердігер компания «Астана Строй Инвест» ЖШС бұл жұмысты 2023 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. 


2024 жылға жоспарланған жобалар:  
1. «Шұғыла» ш/а («Нұрлы Дала»  ТҮК) – 320 орындық балабақша;
2. «Құрамыс» ш/а – 320 орындық балабақша;
3. «Қалқаман-2» ш/а –  240 орындық балабақша;


Әрі «Шұғыла» шағын ауданында 320 орындық балабақшаның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың үшінші тоқсанында басталады.


Мектептер мен балабақшалар –  білім беру инфрақұрылымын дамытуға және балаларды оқытуға қолайлы жағдай жасаудағы маңызды қадам.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Наурызбай ауданы #мектеп #балабақша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тағдырын арқанға байлаған құрылыстағы альпинистер...

Бүгін 20:36

Миллиондаған көрермен Алматыны Travel XP эфирінен көреді

Бүгін 17:28

2026 жылғы 11-20 маусым аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы

Бүгін 16:46

Алматылық семсерлесушілер Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 16:03

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 92-ші театр маусымының жабылуына шақырады

Бүгін 15:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);