AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының наиб имамы қалалықтарды карантин талапта...

Алматының наиб имамы қалалықтарды карантин талаптарын сақтауға шақырды

Әлеумет 20.07.2021, 08:07 1,712
Алматының наиб имамы қалалықтарды карантин талаптарын сақтауға шақырды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Құрбан айт – мұсылмандардың  басты мерекесі. Биылғы мереке 20-22 шілде аралығында өтеді. 


Ал мерекенің форматы өткен жылдың үлгісінде болады. Құрбандық шалу рәсімі qurban2021.kz. сайтта өтінім бере отырып, онлайн-режимде өтеді деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы орталық мешітінің наиб имамы Мадияр Пірімқұловтың айтуынша, КВИ-дің күрделі эпидемиологиялық жағдайына байланысты мұсылмандар жиналысы болмайды. Жануарларды құрбандыққа шалудың барлық салттық әрекеттері қашықтан онлайн режимде өтеді. 



Ниет білдірушілер qurban2021.kz сайтында 22 шілде сағат 14.00-ге дейін құрбандық шалуға өтініш бере алады. Құрбандық еті мұқтаж отбасыларға жеткізіледі. Сондай-ақ оның етін алғысы келетіндер де осы сайтта өтініш қалдыра алады. 




17 шілде күні интернет-платформа қызметіне ет алуға ниет білдірушілерден 486 өтінім берілді.  Ал 200-ден астам алматылық құрбан шалу рәсімін жасауға шешім қабылдады. 


Алматы орталық мешітінің наиб имамы құрбандық шалудың барысы дұға кезінде рәсімге тапсырыс бергендердің есімдері айтылатындай бейнежазба режимінде өтетінін айтты. Бейнежазбадан кейін тапсырыс берушіге жіберіледі. 



«Интернеттегі құрбандық тек белгіленген жерде болады. Рәсімді өткізуге арнайы топ бекітілген, бөгде адамдарға кіруге тыйым салынған, барлық жұмыс санитарлық талаптарға сәйкес жүргізілетін болады», – дейді Мадияр Пірімқұлов. 



Онлайн-режимде құрбандық шалу дәстүрін өткізу және мұқтаж адамдарға толық тарату тәжірибесі Түркияда, Малайзияда, Индонезияда, Біріккен Араб Әмірліктерінде әлдеқашан енгізіліп, жыл сайынғы  дәстүрге айналды. Негізгі мақсат – азаматтарды коронавирус инфекциясынан қорғау. 


Дін өкілдері діндарларды Құрбан айт мерекесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Бұл күндері үйде болу керек, қонаққа бармау керек және  іс-шара ұйымдастырмау керек. Осы қиын уақытта қала тұрғындары кішіпейілділік танытып, инфекцияның таралуын тоқтату үшін бәрін жасауы керек. 



Құрбан айтқа қатысты барлық сұрақтар бойынша мына нөмірлерге хабарласуға болады: 8 (727) 329 09 66, 8 778 382 88 36 немесе WhatsApp нөмірі бойынша – 8 775 475 00 83.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мешіт #имам #құрбан айт #карантин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Бүгін 16:54

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін 16:49

«Көктем көркі – қызғалдақ»: Алматы Оқушылар сарайында қалалық қызғалдақ фестивалі өтті

Бүгін 16:41

Тазалықтың тірегі – тәрбие

Бүгін 16:27

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» бастамасын дамыту аясында жануарларға қамқорлық мәдениетін қалыптастыруға тоқталды

Бүгін 16:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика