AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматының музыка пәнінің мұғалімі «Қазақстан мұғал...

Алматының музыка пәнінің мұғалімі «Қазақстан мұғалімі-2021» байқауының жеңімпазы атанды

Білім және ғылым 27.09.2021, 15:39 1,668
Алматының музыка пәнінің мұғалімі «Қазақстан мұғалімі-2021» байқауының жеңімпазы атанды
Сурет: Gov.kz

Қалада жылдың үздік ұстазы анықталды


Республикалық «Қазақстан мұғалімі-2021» ұлттық сыйлығы осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Байқаудың марапаттау рәсімі салтанатты түрде аталып өтті. Жеңімпаз финалдық кезеңге өткен он лауреаттың ішінен анықталды. Жылдың үздік ұстазы 4 млн теңге қаржылай жүлдеге ие болды. Енді ол «Әлем мұғалімі» байқауына қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Almaty.tv сайтының мәліметтеріне сәйкес,«Қазақстан мұғалімі-2021» ұлттық сыйлығына 300-ден астам үміткерден өтінім келіп түскен. Олардың арасынан озық шыққан 10 педагог финалдық кезеңге өтті. Үздік ұстазды анықтаудағы негізі талап – мұғалімнің әлеуметтік істерге қатысуы назарға алынады. Халықаралық байқау елімізде қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының ұйымдастыруымен өтті.



«Құрметті достар, бүгінгі байқаудың финалистері, мен сіздермен мақтанамын. Бүгінгі жеңіспен шын жүректен құттықтаймын. Барлық мұғалімге зор денсаулық және шығармашылық табыс тілеймін», – деді Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының құрылтайшысы Әлия Назарбаева.



Еліміздің түкпір-түкпірінен жиылған үздік ондықтың арасынан алматылық Алла Буренкова үздік шықты. Ол қалалық №42 мектепте музыка пәнінен дәріс береді. Бүгінге дейін сабақ өткізу барысындағы ерекше әдістемелері халықаралық басылымдарда жарияланып жүр. Шәкірттері ғылыми сайыстардың және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары атанып үлгерген. Енді ол алдағы жылы өтетін «Әлем мұғалімі» байқауына жолдама алды. Халықаралық конкурстың жүлде қоры 1 млн АҚШ долларын құрайды.



«Шынымды айтсам, мен бұл жүлдені жеңіп аламын деп ойламап едім, әлі де сене алмай тұрмын. Бұл конкурс шынымен де, мұғалімдердің тәжірбиесімен және құндылықтарымен танысуға мүмкіндік береді», – дейді «Қазақстан мұғалімі-2021» ұлттық сыйлығының иегері Алла Буренкова.



Асхат Жұмабеков – Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебенің мұғалімі. Өткен жылы жаһандық сыйлықтың финалисі атанып, әлемнің үздік 50 мұғалімінің қатарына қосылған. Бұл – тарихи оқиға, өйткені бұрын-соңды елімізден бірде-бір педагог аталған сыйлыққа үміткер болмаған.



«Заманауи мұғалім әрқашан ізденіс үстінде жүріп, өзін жетілдіріп отыруы керек. Оқушылардың ғылыми жұмыстарымен айналысуына жағдай жасауы қажет. Жеке ұстанымым да осы. Сабақтарымды тәжірибе негізінде өткізуге тырысамын», – деді Global Teacher Prize халықаралық сыйлығының номинанты Асхат Жұмабеков.



Атап өткен жөн, Global Teacher Prize – Нобель сыйлығының баламасы. Тек ұстаздарға беріледі. Үміткерлердің еңбегін тәуелсіз сарапшылардан құралған педагогиканың жетекші мамандары, қоғам қайраткерлері және ата-аналар қауымдастығының өкілдері бағалады. Елімізде мұндай ұлттық сыйлықты өткізу дәстүрге айналмақ.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Үздік мүғалім #Ұстаз #байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз – бірлік пен алғыс мерекесі: Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін 20:32

Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты

Бүгін 20:28

21 наурызда Түркі әлемі халықтарының көрме-жәрмеңкесі ашылады

Бүгін 20:23

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика