Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматының монополияға қарсы органы 2024 жылғы жұмы...

Алматының монополияға қарсы органы 2024 жылғы жұмыс нәтижелері туралы есеп берді

Әлеумет 14.10.2024, 12:25 2,059
Алматының монополияға қарсы органы 2024 жылғы жұмыс нәтижелері туралы есеп берді
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифинг аясында Алматы қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаменті басшысының орынбасары Еркебай Абдубакиев монополияға қарсы органның ағымдағы жұмысы мен міндеттері туралы баяндама жасады, aqshamnews.kz

Спикер өз сөзінде Департаменттің негізгі міндеттері адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу, монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін монополиясыздандыру болып табылатынын атап өтті. Осы міндеттерді іске асыру үшін ведомство тауар нарықтарына талдау жүргізеді, хабарламалар мен нұсқамалар береді, сондай-ақ анықталған бұзушылық фактілері бойынша тергеулер жүргізеді.

«2024 жылы Департамент Алматы қаласының түрлі нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне 23 талдауды аяқтады, оның ішінде тұрақ, азық-түлік ритейлі, телекоммуникация, энергетика және басқа да қызмет нарықтары бар. Талдау барысында 34 доминант және 2 монополист анықталды. Жұмыс нәтижелері бойынша 2,2 млрд теңге айыппұл салынды, оның 1,3 млрд теңгесі өндірілді», - деп атап өтті спикер.

Табысты тергеулердің мысалдарына «Petrosun» ЖШС, «ҚТЖ магистральдық желілер» ЖШС және «Алматыгаз» абоненттік есеп айырысу орталығы» ЖШС қатысты істерді жатқызуға болады, онда үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталды. Әрбір іс бойынша ұйғарымдар шығарылды және айыппұлдар салынды, бұл нарықтағы әділ бәсекелестікті қалпына келтіруге ықпал етеді.

Спикер монополияға қарсы заңнаманы бұзу туралы мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ - магистральдық желінің Алматы бөлімшесі» филиалының атына нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциялары мемлекетке берілген ұйымның бәсекелестікке қарсы іс-қимыл белгілері бойынша хабарлама енгізілгенін атап өтті.

«Заңнамада кірме жолды пайдалану Ұлттық инфрақұрылым операторы бекітетін кірме жолда қызмет көрсету тәртібі және қозғалысты ұйымдастыру туралы нұсқаулық негізінде жүзеге асырылады деп көзделген. ҚТЖ филиалы 233 нұсқаулықты бекітті, оның 80-і бәсекелестікті шектеуге әкеп соқтырған маневрлік жұмыс қызметтерін көрсетуге құқығы бар жалғыз субъектіні анықтады. Қазіргі уақытта ҚТЖ филиалы анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жұмыс жүргізуде», - деді Е.Абдубакиев.

Сөз соңында Абдубакиев Алматыда бәсекелестікті қорғау бойынша жұмыс жалғасып жатқанын және Департамент салауатты бәсекелестік ортаны қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлермен және қала тұрғындарымен одан әрі өзара іс-қимылға дайын екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бәсекелестік #Еркебай Абдубакиев #Монополия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика